Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының осыдан бір жыл жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолы» атты Жолдауы, шын мәнінде, еліміз үшін тарихи маңыз зор құжат болды. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында елімізге түбегейлі өзгерістер, ауқымды жаңғыртулар керектігін атап өткен болатын.
Расында, Президентіміз айтқандай, бүгінге дейін қыруар шару атқарылып, көптеген табыстарға қол жеткіздік. Әйтсе де қаралы қаңтар оқиғасы ел іргесін әлі де бекітіп, тұрақтылықты нығайта түсуді, сол жолда саяси жүйені қайта жаңғыртуды талап етеді. Қай мемлекет үшін де ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызы зор, өйткені, онсыз ешқандай әлеуметтік-экономикалық даму алға баспайды.
Бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу, сайлау жүйесін жетілдіру, суперпрезиденттік басқару үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу, Конституциялық сот құру сынды бастамалар біздің қуатты мемлекет құру жолына батыл түрде бет алғанымызды көрсетеді. Дегенмен, алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қоғамдық сана мен азаматтардың ой санасының өзгеруі, қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту сынды мәселелерді әлі де жетілдіре түсуіміз қажет.
Қамбар МҰСАБЕКОВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор