Бүгін «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бірінші мамыр» жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.Кездесу барысында Айдар Бахтыбаев қатысушылармен еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелер мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы олардың құқықтарын талқылай келе, аумақтық кәсіподақтар орталығы жанынан құрылған Заң клиникасында кәсіподақ мүшелеріне тегін құқықтық көмек көрсетіліп жатқандығын айтып өтті.Сондай-ақ, кездесуде кәсіподақ мүшелері 2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқыға салып, онда Айдар Бахтыбаев Ел Президентінің еліміз үшін маңызды қадам Қазақстанда атом электр станциясын салу мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы еліміздегі ең ірі бұқаралық қоғамдық ұйым ретінде ҚР Кәсіподақтар Федерациясының бұл бастаманы толық қолдайтындығын қатысушылардың назарына жеткізе отырып, 2024 жылдың 6 қазанында өтетін жалпыхалықтық референдумға белсене қатысып, еліміздің болашағына үлес қосуға шақырды.Кездесу соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.
Алдынғы жаңалық