Ақпарат

САРЫАҒАШ: ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІНЕ АЯҚ ЖОЛ САЛЫНЫП, ЖАРЫҚ БАҒАНАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті ауылдық округіне жұмыс сапары барысында елді мекен көшесіне орнатылған аяқ жол және жарық бағаналарын мән-жайын пысықтады. Жаяу жүргіншілер жолының сапасын тексеру мақсатында елді мекен көшесін аралап көрді. Аудан басшысы ауылдық округ әкіміне тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді, абаттандыру бағытында жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Жемісті елді мекеніне қарасты Құрманғазы көшесінің бойына жаяу жүргіншілер жолы салынып, 12 дана жарықтандыру бағаналары орнатылды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Аталған жобаны «Абразив» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды.

Қатысты жаңалықтар

Төтенше жағдайдағы алғашқы медициналық  көмек қалай көрсетіледі?

azatmedia

Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді атсалысуда

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

azatmedia