10-қазан «Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай, Түркістан облысы Ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» Сайрам аудандық филиалында мерекелік кездесу өтті. Жиынға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев және кәсіподақ активі қатысты. Мерекелік кездесу барысында сөз алған кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі өз сөзінде: «Баршаңызды ортақ кәсіби мерекеміз – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн кәсіподақтар қозғалысы үшін өте маңызды күн. Бұл мереке – қарапайым еңбеккерлердің, жұмысшылардың мерекесі, өйткені қарапайым еңбек адамының әлеуметтік жағынан толық қамтылып, еңбек құқықтарының сақталуы – оның алаңсыз жұмысын істеуінің, еңбегінің нәтижелі болуының бірден-бір кепілі. Осы жолда «Әділеттік пен дамуға – бірлікте!» қағидатына негізделген біздің даңқты кәсіподақ дәстүрлеріміз нығайып, арта берсін» – деді. Сонымен қатар, Бердіғали Өмірәлі кездесуде ел аумағында қызу талқыланып жатқан АЭС салу мәселесіне де кеңінен тоқталып, еңбек ұжымын алдағы саяси науқаннан тыс қалмай 6 қазан күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды. Жиын әрі қарай марапаттаумен жалғасып, онда өздерінің негізігі жұмыстарымен қатар кәсіподақ жұмыстарына да белсене араласып жүрген бір топ ветеринария саласының қызметкерлеріне аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтың «Құрмет грамотасы» мен Алғыс хаттары табыс етілді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық