Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өкілдері Ордабасы ауданында болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов бастаған топтың қатарында облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Раймбеков және аудандық штаб мүшелері Әлиасқар Бердімұрат, Шадымат Баймұса, Ғалымжан Зиябек бар. Штаб өкілдері алдымен Ордабасы аудандық орталық ауруханасының ұжымымен, одан соң Бөген, Шұбарсу ауылы тұрғындарымен және білім саласының қызметкерлерімен кездесті.Кездесулер барысында штаб мүшелері Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, елімізде 6 қазан күні өтетен референдумның маңыздылығын түсіндірді. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жиында республикалық Халықтық штабтың мүшесі Нұрсұлтан Байтілесоов АЭС құрылысының маңыздылығына тоқталып, АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.«Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан және 2 пайызы күн, жел мен судан өндіріледі. Бүгінгі таңда еліміз электр қуатының жетіспеушілігін сезінуде. Ол сіз бен бізге білінбеуі мүмкін. Себебі үйіңізде, жұмыс орныңызда электр энергиясы үздіксіз келіп тұр. Ал, үлкен кәсіпорындарда бұл айтарлықтай білініп тұр. Біздің елге келген көптеген инвесторлар да дәл осы энергия тапшылығы салдарынан өндіріс орындарын құруға, іс жүргізуге қол байлау болып тұр. Сондықтан да ең залалсыз энергия көзі бүгінгі таңда АЭС салу екенін ғалымдар дәлелдеп, нақты фактілермен көрсетуде», –деп атап өтті Нұрсұлтан Төленұлы.Одан соң, облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Райымбеков бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асып жатқанын, атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға мүмкіндік болатынын жеткізді. АЭС- болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы болмақ», – деді ол тұрғындармен кездесу барысында.Жиында өзге де штаб өкілдері атом электр станцияларын пайдалану жаңартылған энергия көздерінен айтарлықтай артықшылығы бар екенін жеткізді. Олардың пайымдауынша, ЖЭК-ті дамыту өзіне тән энергетикалық стратегиясының маңызды бөлігі ретінде қарастырылғанымен, ол атом электр станцияларындай әрқашан тиімді емес. Бұл ретте күн және жел электр станциялары сияқты жаңартылатын энергия көздері табиғи жағдайларға тікелей байланысты әрі энергияның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін энергияны сақтау технологияларына елеулі инвестицияларды талап етеді.Жан-жақты түсіндірулерден соң қатысушылар түрлі сауалдар қойып, штаб өкілдері тарапынан тұшымды жауаптарын алды. Тұрғындар Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық