Ақпарат

ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨЗІ

Облыстық және аудандық халықтық штаб өкілдері Жетісай қаласының тұрғындарымен кездесті. Жергілікті халықпен кездесуге Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов арнайы барып, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.«Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асуда. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы!»,–деп атап өтті Нұралы Әлмаханұлы тұрғындармен кездесу барысында.Одан соң, Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық және аудандық халықтық штаб өкілдері Асық ата кентінде де болды. Жайлы мектеп бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан «Samruk construction» ЖШС-і қызметкерлерімен үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.-Қазақстан – энергетика саласында тап қазіргі сәтте үлкен әлеуеті бар ел. Елімізде табиғи ресурс көп. Мұнай, газ, көмірді айтпағанда, уран қоры да мол. Қазақстан уран өндіруден әлемде жетекші орында екені анық. Сонымен қатар Қазақстан табиғи уран қоры бойынша әлемде 2-орында тұр. Бұл нені білдіреді? Демек еліміз АЭС салу үшін өзін-өзі қажет шикізатпен қамтамасыз ете алады деген сөз. Сондықтанда АЭС салу бұл көрші мемлекеттерге тәуелділікті жояды,-деді Н.Әбішов.Кездесу барысында АЭС құрылысына қатысты түрлі пікір айтылып, сұрақтар қойылды. Қатысушылар жалпыхалықтық Референдум өтуіне қолдау білдіретіндіктерін айтып, алдағы саяси науқанға қатысатындарын жеткізді. 

Қатысты жаңалықтар

ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

azatmedia

Ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді

azatmedia

ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

azatmedia