Ақпарат

ПАРТИЯНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТІН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда қоғам мен билік құрылымдары арасында жаңа қарым-қатынас мәдениеті қалыптастырылғаны айтылды. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болғанына баса мән берілді.Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын арттыруға «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелері де елеулі үлесін қосуда. Партия өз сайлаушыларының талаптарын тыңдауға, азаматтардың мұң-мұқтажын заң аясындағы тетіктер арқылы шешуге, түйінді мәселелердің шешімдерін бірлесе іздестіруге ашық екенін білдіріп, проактивті қызметін жалғастыруда.Аманаттықтар, қоғамның тыныс-тіршілігіне белсене араласуымен қатар, әр азаматты толғандыратын сұраныстардың түбіне үңіліп, жұртшылық білдірген өтініштер мен арыздардың мәнін талдауды жүзеге асырады. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарды, ұсыныстар мен шағымдарды салалық қатыстылығы бойынша таразылап, атқарушы және өкілді мемлекеттік органдардың қатысуымен жүйелі әрі орнықты шешім табуына ықпал етеді.Партияның Түркістан облыстық филиалы өңірдің 2 млн.-нан аса халқымен жұмыс жүргізіп келеді. Қолға алынған сындарлы жұмыстың нәтижесінде және халықтың ұдайы назарында болған мәселелердің біртіндеп жүйелі шешімдерін табуын үйлестіруде, өңірдегі партиялық құрылымдар, депутаттық корпус өкілдері, партияның аймақтық филиалдары, өтініштерді қарауға қатысты жұмыстың бірыңғай экожүйесін қалыптастыра алды десек те болады.Мәселен, биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, партия филиалына келіп түскен арыз-шағымдардың 60,3 пайызы оң шешімдерін тапты. 2022 жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 54,5 пайыз болса, 2023 жылы – 57,5 пайызға жеткен болатын. Азаматтар көтерген сауалдар бойынша заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілген өтініштердің саны биыл 4758-ге жетті. Дәл осындай тәртіпте заң талаптары түсіндірілген өтініштердің саны 2023 жылдың 8 айында – 3040-ты құрайтын.Көтерілген сауалдарды салалар бойынша жіктейтін болсақ, биылғы 8 айдағы барлық 12 184 арыз-шағымның 33 пайызын – әлеуметтік қамсыздандыру, 24 пайызға жуығын – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 9 пайыздан астамын – еңбек қатынастары, 8,6 пайызын – баспанамен қамту, 5 пайызын және оған жуығын – денсаулық сақтау, қаржылық қатынастар және тағы басқа салалар құрады.Айта кету керек, әлеуметтік салаға қатысты сұраныстар тұрғындар тарапынан ең көп қозғалатын мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тақырыптағы сұраныстардың көлемі де жылдан жылға төмендеп келеді. Мәселен, партияға жүгінген азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждық туралы сұраныстары 2021 жылдың 8 айында барлық өтініштердің 50,8 пайызын құраса, 2022 жылдың сол мерзмідегі көрсеткіші бойынша – 45,7 пайыз болды. Ал, 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша – 37,6 пайызға жеткендігін көрсетті.Кезеңдік тәртіпте салыстырмалы түрде келтірілген нақтылы статистикалық деректерден, партия филиалына жүгінген азаматтардың арыз-өтініштерін қараудың сапасы артқанын көреміз. Тұрғындардың сұраныстарына орай құқықтық көмек көрсету жұмысы жолға қойылғанын байқаймыз. Тұрғындар өздерінің адал еңбегі, маңдай теріне сай лайықты жалақымен, зейнетақы төлемдерімен қамтылуы, көпбалалы аналар мен әлеуметтік тұрғыда осал топтағы азаматтардың мемлекеттің қорғауына алынуы бойынша құқықтарының сақталуы жүйелі негізде қалпына келіп жатқаны айқындалуда.Партияның өңірлік филиалы бұл бағыттағы жұмыстарын алдағы уақытта да тұрақты жалғастырып, «AMANAT» партиясының шын мәніндегі өзгерістердің жаршысы ретіндегі мәртебесін ілгерілетеді.

Қатысты жаңалықтар

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

azatmedia

Шалғайда жатқан ауылдардағы оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

azatmedia