Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында домбыра күмбірімен жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүрге баулып, ата-бабаның өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйрету, тұрмыс-тіршілігінен, тарихымызды жыр-толғау,терме жанрында жеткізе білген ата-баба мұрасын рухани жаңғырту мақсатында «Терме -бойтұмарым» атты аудандық термешілер байқауы өтті.
Байқау бағдарламасы алдын-ала беріліп, дайындықпен үмітін үкілеп келген үміткерлер байқау шарты бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының төрайымы мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Тантабаева Мейрамкул Садықұлқызы, мәдениет сарайы аккомпаниаторы Мамаев Садуақас Избасарұлы, Қызылдала ауылдық клубы меңгерушісі, терме дүлділі Төлешов Сейдулла қазылық етіп үміткерлерге әділ бағасын берді. Қазылар алқаларының қорытындысы бойынша іріктеуден өтіп, өнерін үкілеп сынға түскен Тұрбат ауылынан келген үміткер Жақсылық Ерлан мен мен Тесіктөбе ауылынан келген үміткер Әріпбай Диана жүлделі ІІІ орынды иеленсе, Жаңабазарлық Айтмырза Нұрбосын мен Қаржандық үміткер Иманберді Ерғазы жүлделі ІІ орынды, Шарбұлақтық Қожатов Нұрбек пен Қызылқия ауылынан келген үміткер Шәкібаев Бақытжан жүлделі І орынды иеленсе, баба мұрасының терме дәстүрін жаңа қырынан көресете білген, жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қақпақ ауылынан келген үміткер Құлбай Мұхамед бас жүлдені иеленді.