Домбыра-бұл жай ғана музыкалық аспап емес, қазақ үшін тұтас бір әлем, шексіз ғалам. Халықта «қазақтың жаны домбыраның үнінде» деген сөз бар. Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым!
Төл аспабымыз – домбыраға деген қызығушылықты арттырып, жастар арасында оң көзқарас қалыптастыру,күй мәдениеті арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, күйлерді халыққа кеңінен насихаттау, күй мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, өнер әлемінде жас дарынды домбырашылардың шығармашылық қабілеттерін толығырақ ашу. Сарқылмайтын қазынамыз, яғни ұлттық өнерімізді жалғастырушы жастарға қолдау білдіру, Н.Тілендиевтің 100 жылдығын атап өту, шығармаларын насихаттау мақсатында күйші, композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Күмбірле күй-құдірет, күй-арман» атты аудандық домбырашылар ұжымы байқауы өтті.
Байқау екі кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің шығармаларынан бір шығарма орындау, екінші кезеңде еркін тақырыпта болып үміткерлер күй байқауы бағдарламасында берілген екі кезең бойынша сынға түсті.
Қазылар алқасының төрағасы – Шымкент қалалық Омарова Жамал атындағы №1 Саз мектебінің ұстазы Тасболат Ерхан Жаңабайұлы, мүшелері аудандық «Өнер” мектебінің ұстазы Адилова Рима Қанатбекқызы және аудандық мәдениет сарайының аккомпаниаторы- Мамаев Сәдуақас Ізбасарұлы болып барша қатысушыларға қазылық етіп, сынға түскен үміткерлердің өнерін жоғары бағалап, әділ бағасын берді.
Домбырашылар ұжымы бойынша;
Бас жүлде: Рабат ауылдық өнерпаздар “Көңіл толқыны” атты домбырашылар ұжымына бұйырды.
І-орын: Қызылқия ауылдық “Асыл мұра” домбырашылар ұжымына бұйырды.
ІІ – орын Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы жанынан құрылған “Қазығұрт үні” атты домбырашылар ұжымы ие болды.
ІІІ-орынға Шарбұлақ ауылынан келген “Қазыналы домбыра” атты домбырашылар ұжымына бұйырды.
Жеке орындаушыларда бұл байқауда бақтарын сынап, күй жанры бойынша өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқаларының шешімімен
І-орынға Сынтас ауылынан келген Мырзалы Асылзат ие болды.
ІІ-орынды Қақпақ ауылдық өнерпаздар ие болды, ІІІ орынды Еңбекші ауылынан келген Серік Кәсуар мен Қаржан ауылдық өнерпаздар өзара бөліссе, арнайы номинациямен үміткерлер марапатталып, барлық қатысушыларға және үйірме жетекшілеріне, жеңімпаз ұжымдар мен жеке орындаушыларға “Диплом” табысталып, сый-сияпат берілді.
Бұл байқау тек музыкалық өнерді дәріптеу ғана емес, қазақтың ұлттық құндылықтарын ұлықтау, күй өнерін болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы үлкен қадам болды. Қазіргі уақытта жастар арасында ұлттық мұрамызға деген қызығушылықтың артқаны қуантады. Мұндай іс-шаралар олардың бойында рухани байлықты, мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, қазақ халқының дәстүрлі өнеріне құрметпен қарауға бағытталған. Байқау барысында әрбір қатысушы домбыраның күмбірлеген үнімен өз шеберлігін, домбыраның құдіретін барша халыққа паш етті.
Сондай-ақ, күй өнерін дәріптеу, жастарға ұлттық мұраға деген адалдық пен сүйіспеншілікты дарыту арқылы, біз қазақ халқының мәдениетін әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік аламыз. Ұлттық өнерді жаңғырту — бұл тек өнерге қатысты ғана емес, елдің тарихын, дәстүрлерін, рухани құндылықтарын сақтау деген сөз. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарды марапаттау, сонымен қатар барлық қатысушыларды құрметтеу, оларды одан әрі ынталандыру — өнерге деген құрметтің белгісі.
Осылайша, «Күмбірле күй – құдірет, күй арман» байқауы тек музыкалық жарыс емес, ұлттық мәдениетімізді жалғастырушы жастардың бірлігі мен күшін көрсетті. Күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығын насихаттау, оның мұрасына құрмет көрсету, қазақ күй өнерін әлемге танытуға жол ашады. Болашақта осындай шаралардың саны артып, қазақтың домбыра өнері мен ұлттық мәдениетінің биік тұғырға көтерілуіне өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Байқау тек өнер жарысы ғана емес, қазақтың бай күй мұрасын сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды шара болды. Бұл іс-шара жастарға ұлттық өнердің құндылығын сезіндіре отырып, оларды күй арқылы халқымыздың тарихы мен мәдениетін тереңірек ұғынуға шақырады. Сонымен қатар, домбыра өнерін дамытуға бағытталған осындай байқаулар ұлттық патриотизмді күшейтуге, жастардың бойына рухани байлық пен өнерге деген махаббатты ұялатуға үлкен ықпал етеді.
Алдағы уақытта да мұндай байқаулар мен мәдени шаралар еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылып, домбыраның күмбірлеген үнімен ұлттық өнеріміздің шекарасын кеңейтіп, ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастықты нығайта бермек.