Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖІГЕРГЕН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округі тұрғындары үшін ерекше күн. Олай дейтініміз, бірнеше жылдан бері тұрғындардың тілеуіне айналған мәдениет үйі салынып, халық игілігіне пайдалануға тапсырылды.

Жігерген ауыл округінде салынған 200 орындық мәдениет үйінің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Медеуов Нұрсұлтан Данабайұлы арнайы барып, ауыл тұрғындарын құттықтап, лентасын қию рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, айтулы қуанышқа аудандық мәслихат депутаты, мәдениет саласының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін жалпы Қазығұрт ауданы бойынша 23 мәдениет нысандары, оның ішінде 8 мәдениет үйі бар болса, Жігерген ауылында 9-ыншы мәдениет үйі бүгіннен бастап ел игілігіне берілді. Алдағы уақытта аталған ғимаратта кітапхана мен мәдени үйірмелері жұмыс жасайтын болады.

Қатысты жаңалықтар

Адам саудасы әр түрлі мақсатта жүзеге асады екен

azatmedia

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: 40 жылға жуық ұстаздық еткен – үлгілі жан

azatmedia

Қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадам

azatmedia