Ақпарат

ТАТУЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Татуласу орталығының қызметіне Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны Дильяра есімді азаматша Заң аясында құқықтық көмек көрсетуді сұранып жүгінді. Азаматшаның айтуынша бұрынғы жұбайы екеуінің арасында балаларын асырап бағу үшін алимент өндіру мәселесі сондай-ақ, сот шешіміне сәйкес балаларды жұбайының уақытылы көріп тұруы тұрғысында даудамай туындап жатқандығын және де аталған мәселе бойынша медиация қызметінің рөлі қандай болатынын түсіндіруді сұранып, өз уәжін білдірді. Орын алған жағдайға байланысты істің мән-жайы тыңдалып, нәтижесінде татуласу орталығының қызметкерлерімен арызданушыға екі тараптың арасында даудамайды шешу тұрғысында медиация жасаудың оңтайлы тұстары толығымен түсіндіріліп, екі тараптың арасында өзара келісіммен медиация жасау арқылы мәселе оң шешімін тапты.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 МЫҢ КӨШЕТ ЕГУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР

azatmedia

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

azatmedia