1992 жылы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл – Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болды. Ал, 2007 жылы 5 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 23 маусым – Полиция күні деп бекітілді.
Құқық қорғау жүйесі – мемлекеттігіміздің берік негізі. Сондай-ақ, елдегі тұрақтылықтың басты кепілі. Заңның орындалуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау – жауапкершілігі мол жұмыс. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері күнделікті қызметінде қауіп-қатермен бетпе-бет келіп, осындай жүкті арқалап қоғам үшін қызмет етіп келе жатқан Полиция саласы қызметкерлерінің еңбегі ерекше.
Осы орайда, жылдағы дәстүрге сай Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт аудандық Полиция бөлімі қызметкерлерімен және полиция ардагерлерімен арнайы жиын өткізді. Жиын барысында ел қорғаны болып, қоғам үшін екі аяқпен тік тұрып күні-түні қызмет етіп жүрген барша ішкі істер органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, ұзақ жылдар осы салада қызмет еткен және бүгінгі күні өзінің ерекше қызметімен көзге түсіп, құқық қорғау саласына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.
Жиын барысында аудандық мәслихат депутаты Данияр Әбдімүтәліұлы, аудандық Полиция бөлімінің басшысы Алмас Сұлтанұлы барша полиция қызметкерлеріне құттықтау тілек білдіріп, арнайы Алғыс хаттарын табыстады.