Ақпарат

Кітапхана саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен маман

Ұлттың рухани азығы болып табылатын асыл мұраларымыз жинақталған кітапхананың бүгінгі қоғамда алар орны ерекше. Қанша жыл, тіпті қанша ғасыр өтсе де, асыл кітаптарымыз біздің құнды дүниеміз болып қала бермек. Сол кітапхана ішіне көрік беріп, қалың оқырманын қуана қарсы алатын кітапханашыларсыз кітапхананы елестету мүмкін емес. Бүгінгі өскелең жастарды білімге шақыру жолында ол кісілердің еңбегі ерен. Осы ретте бүгінгі әңгімеміз кітапхана саласының қиындығына төзіп, қуанышына қуана білген Абдураманова Айгүл Мубаракқызы туралы болмақ.Айгүл Мубаракқызы кітапхана саласында 24 жылдан астам уақыт еңбек етіп, мол тәжірибе жинаған маман. Ол 1974 жылы Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе елді мекенінде дүниеге келген.1992 жылы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университетіне түсіп, библиограф мамандығы бойынша 1997 жылы бітіріп шыққан.Еңбек жолын 2000 жылы Созақ ауданының Жартытөбе кітапханасында кітапханашы болып бастап, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Сайрам аудананының Таскешу ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметін абыроймен атқарып келеді. Еңбегі көпке үлгі. Жалпы ұжымның қоғамдық өміріне де белсенді араласып, қолдан келгенше көмектесіп жүреді.Айгүл Мубаракқызының кітапхана саласы бойынша жеткен жетістіктері де баршылық. Атап өтер болсақ, еңбек еткен жылдар аралығында Республикалық құрметті кітапханашы мен облысқа мінсіз қызметі үшін төс белгілерімен, және облыстық мәдениет басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ еліміздің құрметті кітапханашысы. Алтын кітап қорына еңбегі еніп, бүгінде Ұлттық кітап қорында сақтаулы.Ендігі кезекте өз мамандығын мақтаныш еткен Айгүл Мубаракқызына іскерлік табыс пен денсаулық тілеп, өскелең ұрпақ бойына өнегелі тәрбие беру жолындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.   

Қатысты жаңалықтар

Ел дамуына үлесін қосқандар нағыз еңбек адамы!

azatmedia

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАҢБАЛЫ МӨРІ – ПАВЛОДАРДАҒЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ» ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

Сарыағаш: Жемісті аулдық округінде тұрғындарға екпе салу 96 пайызға орындалған

azatmedia