Түркістан қаласы тұрғындарының назарына жазғы суға шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау, балаларды сақтандыру туралы ақпараттарды ұсынамыз.
Жаз мезгілінде күннің ыстығы мен ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы.
Бірақ, шомылу маусымында жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін орындамау салдарынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.
Судағы (суға шомылу маусымы) – кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздік кепілі!
Жазғы кезеңде суға шомылу маусымында барлық адамдар, тіпті кішкентай балалар демалады, ойын ойнайды, суға шомылады, неше түрлі қызық ойындар ойнап суға түседі. Бірақ есте сақтап жүру керек – суға шомылу – отпен ойнаумен бірдей! Сондықтан суға түсу маусымында өзіндік қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керек! Тіпті өзіне ғана емес, басқа біреуге де көмектесуге дайын болу керек!
Суға батпау туралы ұсыныстар!
- Суға жүзуді жақсылап үйреңініз (ең маңызды).
- Егер де сіз дұрыс жүзу білмесеңіз – суға түсу баллондарға және үрлемелі матрастарға сенбеңіз.
- Үрей – бұл ең басты судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себеі болып табылады. Ешқашанда үрейге салынбаңыз.
Судағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері!
– суға түскенде , жақын арада адамдар болуы керек;
– Егер жүзе алмасаңыз немесе жақсы жүзе алмасаңыз, терең жерлерге бармаңыз;
– Бейтаныс жерлерге түспеңіз;
– Кемелердің жолына жүзуге және кемеге жақындауға болмайды;
– Суда қауіп – қатерге әкелетін ойындар ойнамаңыз;
– Үрлемелі матрастар мен суға түсу баллондарымен түсуге болмайды( егер де сіз жүзу білмесеңіз);
– Бөренелерде, тақтайларда, қолдан жасалған салдарда жүзуге қажет емес;
– Егер сіз қайықпен серуендеуді шешсеңіз – қауіпсіздік ережелерін үйреніп алғаныңыз жөн – себебі бұл жағдай өз мүмкіндіктерінізді дұрыс басқара және қолдана алатын боласыз;
Төтенше жағдайлар кезінде 101 немесе 112 – ге қоңырау шалыңыздар!