Жаңалықтар

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ – ПАРТИЯНЫҢ ТІРЕГІ

«AMANAТ» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров Асықата ауруханасындағы «Мейір» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті,идеп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі. Медицина қызметінде адам жанының арашасы болып жүргеніне 40 жылдан асқан, 20 жылдан бері партия мүшесі, бүгінде зейнеткерлікке шығып жатқан білікті дәрігер Оңғарбаева Ұлжамал Пардайқызын арнайы құттықтады. Филиал атқарушы хатшысы партияның әрбір мүшесінің еңбегі ескеріліп, партия тарапынан қолдау мен қамқорлық көрсетілетінін жеткізді. Еліміздің денсаулық саласына қосқан теңдессіз үлесіне алғысын білдіріп, арнайы партияның төс белгісі мен құттықтау хат табыс етті.

Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездескен Асқар Нұртайұлы партия айқындаған басымдықтардың іске асырылуы, партияның аумақтық филиалының жұмыс нәтижелері, сайлау алдында берілген уәделердің орындалуы жөнінде мағлұмат берді. Сонымен қатар, париямыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан партиялық жобалар жөнінде атап өтті. Халықтың денсаулығын сақтау және балаларға сапалы білім беру партия белгілеген басты міндеттер екенін айта келіп, партияластарды алдағы уақытта жүктелген міндеттерді бірлесіп атқаруға шақырды.

Қатысты жаңалықтар

АССАМБЛЕЯ ЖАНЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА

azatmedia

“AMANAT”: «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСҚАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ЛЕГІНЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

ТІЛ ҮЙРЕТУ ҮЙРЕНУДЕН ДЕ ҚИЫН

azatmedia