Ақпарат

СОЗАҚТА МЕДИАТОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

5 тамыз – медиаторлар күні. Аталған күн аясында аудан көлемінде бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Жекелеген медиаторлар тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтық, еңбек, отбасылық даулар туралы кеңес берілді. Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара бейбіт келісімге келу жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды дауды шешудегі ерекше қызметтері үшін медиаторларға алғысын жеткізді.-Елдің тыныштығы мен ағайынның татулығын ойлаған ел ағалары медиация институтын дамытуға, дауларды бітімгершілікпен шешуге үлес қосады деген сенімдеміз. «Ауыл ағасыз, тон жағасыз болмайды» деген ағайынға бұл өте түсінікті және ділімізге жақын дүние. Мақсаты дауды шешудің екі жақты да қанағаттандыратын нұсқасына жеткізу, дауласушылардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылатын медиатор қызметін жүзеге асыру өмірлік тәжірибесі мол, халық арасында мінсіз беделі бар, сөзі өтімді азаматтың абыройлы міндеті деп білеміз-деген аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды медиация саласында табысты еңбек етіп жүрген Рысбек Шаримбеков, Әйгерім Құдасова, Маржан Қайпбердиева, Жандос Тойшыбеков, Гүлжамал Жарқынбекова мен Мұхит Ашировке алғыс хат табыстады.Айта кетейік, «Медиация туралы» Заң 2011 жылы қабылданған болатын. Ол ресми жарияланғаннан алты ай өткен соң, яғни 2011 жылдың 5 тамызында заңды күшіне енді. Міне содан бері заңды іске асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сай шаруаларды атқарып жатыр.Жыл сайын ауылдық округтер мен кенттер әкімі аппараттары кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізуде. Бүгінгі таңда ауданымызда әр ауылдық округ бойынша бекітілген 38 қоғамдық медиаторлар болса, оның алтауы кәсіби медиаторлар.

Қатысты жаңалықтар

Түркісан қаласының әкімі қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА МЕРЕКЕДЕ ҚАРИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

azatmedia

Әрбір қазақстандық шетелге 9 мың доллар қарыз ба? – министрлік жауабы

azatmedia