Еңбек дегеніңіз – қозғалыс. Сондықтан жер бетіндегі тіршилик этіп жүрген адамның барлығын еңбек адамы де айтса болатындай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында «Еңбек адамы қадірленсін» дегенді айтты. Президент өз сөзінде «Еңмізде еңбекқор адам, кәсіби маман – ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деген еді.
Бірақ біздің түсінікте белгілі бір дережеге, мансапқа, байлыққа қолы жеткен адамдарды хана еңбек адамы деп харайтын секілдімиз. Шын мәнінде табысы аз болса да сонымен күн көріп жүрген қаншама жан бар. Олардың да істеп жүргені еңбек. Тек бьір адамдарда ми еңбегі, ой еңбегі басым болса, енді биреулері керісінше физикалық тұрғыдан көп қимылдап, күннің ыстығы мен суйғына қарамай еңбек етіп жүред.
Иә, еңбек – қашан да қадірли. «Адамды адам еткен – еңбек» деген қағиданы былай қойғанда, еңбексиз нәпақа, күнкөріс жоқ.
Бүгінгі кейіпкеріміз – Берік Құдайбергенұлы. Берік Құдайбергенұлы Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Сарқырама ауылында дүниеге келген.Еңбек жолын 2014 жылдың тамыз айынан бастап Төлеби ауданы Жоғарғы- Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласының бас маманы қызметінен бастап, бүгінгі күнге дейін аталған қызметте ел игілігі жолында еңбек етуде.Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.Еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда осы мемлекеттік қызметкерлердің қызметтерінің жемісіне байланысты.Берік Құдайбергенұлы 2014-2024 жылдары аралығында аудан тарапынан сонымен қатар, ауыл әкімі тарапынан берілген тапсырмаларды толық әрі нәтижелі орындап, инвестиция көлемін, суармалы жер көлемін, ауыл шаруашылығы өнім көлемін ұлғайтуға үлкен үлесін қосып келеді.Осы уақыт аралығында қызметі үшін, аудан әкімінің және аудандық маслихаттың алғыс хаттарымен, сонымен қатар “Төлеби ауданының 90 жылдығы” мерекелік төс белгісімен марапатталған.«Басты міндет-елге адал қызмет ету, сондықтан ел игілігі жолында адал еңбек ету парызымыз болып саналады»- дейді Берік Құдайбергенұлы.Қазіргі таңда отбасылы 2 ұл және 2 қыздың әкесі.