Ақпарат

Қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет

Түркістан қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет. Осы орайда Түркістан қалалық Полиция басқармасына мемлекет тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетілуде. Оның айғағы ретінде қалалық полиция басқармасының бас ғимаратының күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын айтуға болады.
Күні кеше Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Полиция басқармасы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, атқарылып жатқан тірліктерді бағамдап шықты.
Қала әкімі ғимарат пен жұмыс кабинеттерін аралау барысында полицейлердің құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, шаһар басшысы алдағы уақытта ғимараттың жөндеу жұмыстарының толық аяқталуына әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына баса назарда ұстауды ескертті.

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚҰНЫ 1,4 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР МЕН СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ АЛҒАШҚЫ АУЫСЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ДАМЫП ЖАТЫР

azatmedia