Жаңалықтар

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін, «AMANAT» париясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында қабылдау өтті.

Аудан тұрғындарын Түркістан облыстық маслихатының депутаты Сүлейменов Жәнібек Мұстапаұлы, аудандық маслихат депутаты, фракция мүшесі Жұмабеков Төрехан Орынбекұлы, аудандық маслихат депутаты, орталық аурухананың бас дәрігері Мирзалиев Бақыт Иябайұлы, №8 МӘС бөлімінің басшысы Жүнісов Мұхан Мамырханұлы қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар денсаулығына байланысты оңалту орындарында емделу, тегін дәрілерді уақтылы алу, мүгедектік топқа шығу және ауданымыздағы өзекті болып отырған жеке меншік ауруханалардың азаматтардың еркінен тыс тіркеп алып жатқандығы жайлы болды.

Шын мәнінде азаматтар ауруы бойынша мүгедектік топқа шығуым керек деп дәрігерлермен келіспей жүреді.Дәрігерлер алдымен осы сіздегі ауру бойынша толық қажетті ем алып, егер ауру асқынып ем қонбай, еш бір өзгеріссіз қалған жағдайда ғана болады деп отыр. Жеке меншік емхана, ауруханалардың адам еркінен тыс тізімге алып жатқандығы жайлы құзырлы органдарға жүгіну керектігі ескертілді.

Қатысты жаңалықтар

АНАЛАР КЕҢЕСІ ҚОҒАМНЫҢ БЕС КЕСЕЛІМЕН КҮРЕСУДІ КӨЗДЕЙДІ

azatmedia

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «БАҚ-НҰРЫ» ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БЕЛСЕНДІ МҮШЕЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ТҮЛЕТЕТІН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

azatmedia