«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылы» ауданымызда қарқынды өтуде.Салауатты өмір салты – адамның денсаулығын жақсарту, аурудың алдын алу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін белгілі бір тұлғаның жұмысы болып табылады. Салауатты өмір салтын қолдана отырып, адам өз өмірінің ұзақтығын арттырады және өзінің әлеуметтік функцияларын толық орындайды.
Салауатты өмір салты – жұмысты, отбасыларды, күнделікті өмірді, бос уақытты және әлеуметтік қызметті ұтымды ұйымдастыру болып табылады.Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдану керектігін насихаттау барысында 2024 жылдың 5 сәуір күні Б.Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен «Денсаулық-зор байлық» ұранымен мектепішілік денсаулық фестивалі өткізілді. Іс-шараға Төрткүл аймағы бойынша барлық бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Математикалық-жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары және бастауыш сынып бірлестігінен құралған 3 команда спорттың 6 түрінен /«Ұлттық асық ойыны», «Тоғыз құмалақ», Шахмат, Тенис, Эстафета, Волейбол/ сайысқа түсіп, шәкірттеріне білім берумен қатар спортпен де шұғылдануды дәріптеді. Қызықты да тартыспен өткен іс-шара өз мәресіне жетіп командалар тиісті орындарды иеленіп жеңімпаздар Ордабасы аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің Дипломымен марапатталды.
Денсаулық фестивалін ұйымдастыруда біліктілік танытқаны үшін мектеп директоры П.Сапарова және қолдау көрсеткені үшін бір қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері алғыс хатпен марапатталды. Аудандық кәсіподақ комитетінің жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытқан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жүсіпәлі Гүлнардың еңбегін ерекше атап өтуге болады.Б.Кенжебаев атындағы жалпы білім беру мектебінің ұжымына зор денсаулық пен ынтымақтастық, шығармашылық табыс тілей отырып, шәкірттері биік шыңдардан көрініп үлгілі мектеп атануына тілектеспіз!
Келесі денсаулық аялдамасы 08.04.2024 жылы Оқушылар үйінің базасында «Дені сау ұрпақ-дені сау болашақ» тақырыбында суретшілер көрмесі мен психологиялық тренингте кездесеміз. Ордабасы ауданында «Денсаулық жылы» осылай жалғасуда.
Сонымен бірге, Ордабасы аудандық орталық аурухана, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті бірлескен жоспарына сәйкес «Денсаулық жылын» өткізу туралы шешімін басшылыққа ала отырып, Аудандық оқушылар үйінің мекеме қызметкерлеріне аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.А.Тулебаев және дәрігер Әлімбаева А, ЗОЖ: Жақангер Ш.Ш, психолог Көпбаева М.К, социолог Есбосынова Н.Б «Диагностикалық тексерулерден өту тәртібі», «Дұрыс тамақтану», «Зиянды әдеттерден аулақ болу», және «Мемлекеттік міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» бойынша медициналық кеңестер өткізді. Кеш соңы қызықты тренингпен аяқталды.