Қоғам

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: Өз ісінің нағыз маманы, ұстанымы мен алға қойған мақсаты айқын

Мынбаев Амирбек Кансапарулы Түркістан облысы Төлеби ауданы Кеңесарық ауылында 1983 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. Үлкен шаңырақта тәрбиеленіп, мектепті жақсы оқып, жастайынан өз жауапкершілігімен көзге түсіп, салауатты өмір салтын ұстанып өзінен кейінгі ұрпаққа үлгі бола білген тұлға. Өз отанына деген сүйіспеншілігі ерекше байқалған. Ұлты –қазақ. 2003-2008 жылдары Халықаралық Қазақ Түрік университетін бітірді. 2004 жылдан бастап Бекасыл Биболатұлы жалпы білім беретін мектебінде физика пәні бойынша сабақ беріп келеді. 2020жылы директордың беійн ісі жөніндегі орынбасары, 2023жылғы қазан айынан бері диретордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді.

Осы жылдар аралығында білімділігі, шеберлігі, шығармашылық ізденімпаздығының арқасында көптеген байқауларға қатысып, конференцияларда құнды баяндамалар оқып көзге түссе, шәкірттері аудандық, облыстық байқауларының жүлдегері болды.

Амирбек Мынбаев- өз пәнін жетік меңгерген, жаңашыл, ұжым ортасында көпшіл, абыройлы, аудандағы, облыстағы шығармашылық топтың мүшесі. Өз ісінің шебері, шығармашыл ұстаз.

Сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдаланып, оқушының білімін, шығармашылық- зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, оқушылардың білім сапасын көтеруде өз нәтижесін көрсетіп келеді.

2019 жылы Мерзімді баспасөз басылымында «Үздік нәтиже» көрсетіп, Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие бергені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Тынымсыз еңбектің жеңісі де өте көп. Атап айтқанда, 2021 оқу жылындағы облыстық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген оқушылардың кәсіби бағдары бойынша біліктілігін арттырып келді.

2022 оқу жылында «Цифрлық педагогика» атты біліктілік арттыру курсынан өтіп келді.2022 оқу жылында «Қазіргі білім беру жүйесінде физика сабағын ұйымдастыру формалары» тақырыбында кәсіби педагогикалық біліктілік арттыру курсын оқып келді.

2022 оқу жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ұйымдастыруымен «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында курстан өтіп келді.2022 оқу жылы Тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында оқу-тәрбие саласында, тұлғалы азамат қалыптастырудағы еңбегі үшін АББ-нен Алғыс хатпен марапатталды.

2023 оқу жылы NIS «Деректерді талдау негізінде мектепті басқару» тақырыбы бойынша курстан өтіп келді.

2022-2023 оқу жылында Аудандық «Білімнің басты құндылықтары тақырыбындағы тамыз кеңесінде өзінің кәсіби біліктілігі мен озық-ойлы ізденісінің жаңалықтарымен бөліскені үшін АББ-нен мадақтама берілді.

2022-2023 оқу жылы Мұғалім тәжірибесіндегі интербелсенді әдістерін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында өткізілген аудандық «Үздік интербелсенді сабақ-2023» байқауында жүлделі ІІІ орын иеленді. 2022-2023 оқу жылында аудандық оқушылар арасындағы пән олимпиадасында оқушысы Абуталип Көркем ІІІ орынды иеленді.

2023 оқу жылы Қазақстан Республикасының білім саласына үлес қосқан еңбегі үшін республикалық, ғылыми – әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналы арнайы құрылған комиссиясының 2023 жылдың 12 қаңтар, №17 шешіміне сәйкес «Үздік Мұғалім» төсбелгісімен марапатталды.

2023 оқу жылында Білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан елеулі еңбегі үшін Түркістан облысының білім басқармасынан Алғыс хат берілді.2023-2024 оқу жылында « Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбы аясында өткен педагогтердің кеңейтілген әдістемелік басқосуында білім беру үдерісіндегі педагогикалық әдістерді, озық ойлы идеяларды креативті түрде бөлісіп, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін көрсеткені үшін АББ-нен мадақтама берілді

Қатысты жаңалықтар

МАСЫЛДЫҚ МЕНТАЛИТЕТ АДАМНЫҢ ӨЗІНЕН

azatmedia

«Shymkent Invest» кеңсесі 2 мыңға жуық кәсіпкерге қызмет көрсеткен

azatmedia

Масылдық көзқарастан арылсақ

azatmedia