Қоғам

Түлкібаста кәсіподақ мүшелері марапатталды

25 мамыр «Соңғы қоңырау» мерекесіне орай, Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұсынысымен ауданның білім саласында қызмет етіп жүрген мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары және ұстаздардың өз қызметтерінде жеткен жетістіктерін бағалау мақсатында, 22 мамыр күні «AMANAT» партиясының мәжіліс залында, марапаттау іс-шарасы өткізілді.

Марапатталуға шақырылған білім саласы қызметкерлерін аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев және аудандық «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жүнісов Ержан Әліұлы қатысып, құттықтау сөздерін айтып «AMANAT» партиясының «Алғыс хаттарымен» марапттады. Мараптталушыларға өз қызметтерінде жетістіктерге жете берулеріне ізгі тілектерін білдірді.

«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жүнісов Ержан Әліұлы Түркістан облыстық «AMANAT» партиясының «Алғыс хатымен» марапаттады.Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев «Өрлеу білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаты», Түркістан облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы»,«Алғыс хаты» марапаттауларын табыстады. 

Қатысты жаңалықтар

Балалардың отпен ойнауы өрттің туындау қаупін арттырады

azatmedia

Шетелде діни білім алудың қауіп-қатері жиі көтеріліп жүр

azatmedia

25 мың теңгелік телефон ұрлаған атыраулықтың қанша жылға сотталғаны белгілі болды

azatmedia