Түркістан қаласының тұрғындарының назарына нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресі туралы ақпараттарды ұсынамыз.
Кез келген қылмыстың алдын алу, жолын кесу, яғни қылмыстың профилактикасы бүгінгі таңда құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Бүгінде Түркістан қалалық білім ошақтарында түрлі семинар, дәрістермен дөңгелек үстел, сондай-ақ ата-аналардың қатысуымен түрлі шаралар ұйымдастыру күнделікті жүзеге асырылуда.
Мемлекет пен қоғам үшін адамды қылмыс жасағаны үшін жазалағаннан гөрі, сол қылмыстың алдын алу немесе оны болғызбаудың жолын қарастыру немесе қылмыстың жасалыну себебін жою әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Бұл есірткі қылмысына қарсы күресте де аса өзекті мәселе болып отыр.
Тоқтала кетсек, «Есірткі (наркотик)» сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді. Есірткі құралдарына – табиғаты әр түрлі заттар тобының түрлері болып саналатын бүтіндей өсімдіктер, яғни сора, көкнәр, эфедраның ұнтақталған бөліктері кіреді.
Оның ішінде сора өсімдігінен (марихуана, гашиш), көкнәрдан (апиын), заңсыз дайындалған психотроптық және синтетикалық есірткі құралдары (героин, амфетамин және оның туындылары) жатады.
Бұларды өз бетінше, медициналық мақсаттан бөлек теріс пайдалану – нашақорлыққа соқтырады.
Осы орайда оқырмандарымызға психотроптық заттар және прекурсорлар дегеніміз не екендігі туралы қысқаша түсінік бере кетейік.
Психотроптық заттар дегеніміз – адамның жүйке жүйесіне әсер ететін және фармакологиялық қасиеттері мен химиялық құрамына байланысты адам ағзасын еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін заттар. Мұндай күйге түскен адам қылмыстардың небір сорақы түрлерін істеуге дейін барады.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет.
Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәрімізге белгілі.
Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — жастар жатады.
Өйткені олар еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.
Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түсіп өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай, жақындарының, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп төндіреді.
Нашақорлық – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Есірткі мен нашақорлыққа қарсы алдын-алу жұмыстарын атқару, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу, еліміздің болашағы — жастарды нашақорлық індетінен аластату барлық мүдделі органдардың міндеті.
Осыған байланысты, есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге, жастарға, қоғамға есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.
Есірткі қылмысына қарсы күрес Ішкі істер органдарының басты бағыттарының бірі болып табылады. Есірткі барған сайын жастарға қол жетімді болып отырғаны, Қазақстан аумағына жаңа, оның ішінде өте күшті әсер ететін есірткілердің әкелінуі алаңдатып отыр. Олардың біреуі – психотроптық заттардың жаңа синтетикалық аналогтары – синтетикалық каннабиноидтар. Синтетикалық каннабиноидтар дегеніміз – ол өсімдік каннабиноидтарының құрылымы бойынша тектігі бірдей және фармакалогиялық әсері ұқсас синтетикалық препараттары. Бұл препараттар адамды ынталандыру, депрессиялық және елестеушілік күй жағдайға түсіреді. 31 мамыр 2011 жылы ҚР 1998 жылғы 10 шілдедегі №279-1 «Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы» заңына қосымша толықтырмалары түрінде синтетикалық каннабиноидтары енгізілді. 2009 жылдан бастап «SPICE», «Spice Siver», «Spice Gold», «Spice Diamond», «Express Envelope», «maya» деген шегетін қоспалар ароматикалық құрал түрінде көбінесе интернет-магазиндер арқылы сатылады. Шегетін қоспаларды дайындау тәсілі – құрғақ шөптерді химиялық заттар, ароматизаторлар, витаминдер және синтетикалық каннабиноидтармен малтып дайындайды. Қазір 160 жоғары синтетикалық каннабиноидтарының түрлері белгілі және жаңа түрлерінің синтезы үнемі өсуде.
Қазір әр елде есірткі мәселесін шешудің өз шешімдері қабылданған. Есірткіге байланысты қылмыстарға күрес жүргізу, әрине, ең алдымен, өзінің тұтынуы үшін сатып алатын адамдарды емес, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды, таратушылар мен сатушыларды анықтап, жолын кесуге, бұлтартпауға бағытталуы тиіс. Ал, есірткіні өзі тұтынатын адамдарға қатысты мемлекеттік деңгейде шара қолданылып, оларды мәжбүрлі түрде емдеу мәселесін қолға алу қажет.
Кез келген қылмыстың алдын алу, жолын кесу, яки қылмыстылық профилактикасы бүгінгі таңда ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет пен қоғам үшін адамды қылмыс жасағаны үшін жазалағаннан гөрі,сол қылмыстың алдын алу немесе оны болғызбаудың жолын қарастыру немесе қылмыстың жасалыну себебін жою әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Бұл есірткі қылмысына қарсы күресте де аса өзекті мәселе болып отыр.
Есірткілердің заңсыз айналымы саласында жағдайдың нашарлауы қоғамға қауіп төндіреді, бұл мемлекет тарапынан батыл әрекет етуді талап етеді. Есірткі айналымына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар кешені шеңберінде есірткіге бизнесіне қарсы күресті ғылыми және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің, ең алдымен сот сараптамасының әдістері мен тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Соңғысы есірткінің заңсыз айналымы туралы істер бойынша сот төрелігі аясында маңызды іс жүргізу шешімдерін қабылдау сарапшылық зерттеу негізінде жүргізіледі.
Облыста есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы Қызылорда облысы бойынша сот сараптамасы институтында жүргізіледі. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот-сарапшылық зерттеу ҚР заңнамаларын бұзумен жүзеге асырылатын, есірткі құрамды өсімдіктерді егу, жинау, өңдеу, дайындау және есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, шығару, тасымалдау, сақтау, тарату, сату, қолданумен байланысты оларды заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істер бойынша қаралады.
Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарын, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі. Қазақстанның күрделі геосаяси аймақта орналасуы, халықаралық лаңкестіктіктің күшеюі қылмыстың өсуіне кері әсерін тигізуде. Баршамызға белгілі, негізгі себеп болып отырған ортақ мәселе – ол нашақорлықтың алдын-алу және есірткі бизнесіне қарсы күресті жүргізу. Профилактикалық жұмыстарды белсенді жүзеге асыру, нашақорлар санының кемуіне, есірткіге деген сұраныстың азаюына, осы дертке қарсы күрестің басқа да әдістерімен қатар айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндіктер береді.