Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты Жолдауы кәсіподақтар қызметіне қарқын берді.
Жалпы, кәсіподақ ұйымының жұмыстарының басты мақсаты – еңбек адамының әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Президент Жолдауында саяси жаңғырудың өзекті мәселелері, қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек адамына деген құрметті арттыру мәселелері көтерілді. Кәсіподақтар әрдайым адал еңбекті дәріптеп, еңбек құндылықтарын жоғары ұстап келеді.
Кәсіподақтардың тарихы Батыс Еуропа және АҚШ-пен тығыз байланысты. Себебі, бұл ұйым XVIII ғасырдың аяғында осы елдерде пайда болған. Германия мен Еуропаның басқа елдерінде XIX ғасырдың 30-40 жылдары құрылған. Ал, Қазақстанда кәсіподақтар 1905-1907 жылдары өз жұмысын бастады. Жұмысшылардың, қызметкерлердің, ұжымшар еңбекшілерінің әлеуметтік сақтандырылуын басқару қызметі, шаруашылық есептегі санаторий мен демалыс үйлерінің бәрі солардың қарауына берілді. Әрбір кәсіподақ халық шаруашылығының қызметкерлерін біріктіріп, ұйымдаса жұмыс істеуге ықпал етті.
Бүгінде елімізде кәсіподақтар әлеуметтік бастамаларға қолдау білдіріп, рухани бағытта түрлі шаралар ұйымдастырып, еңбеккерлерді лайықты демалысқа жіберумен айналысады.«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық комитетінің төрағасы Қасымбек Хаметов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кезекті кездесулерін Иіржар, Жамбыл ауыл округі әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымындарының кәсіподақ мүшелерімен өткізді.
Кездесулерде кәсіподақ төрағасы еліміздің қоғамдық-саяси дамуының қазіргі жағдайындағы Қазақстандағы кәсіподақтардың қызметі жайлы, 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөнінде атқарылған және атқарылатын жұмыстары жайында баяндады.
Сондай-ақ, қатысушыларға кәсіподақтардың күн тәртібінен түспейтін мәселелерінің бірі – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ұжымдық шарттар негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бақылауды жүзеге асыру мәселелері түсіндірілді.Жиын соңы әдеттегідей қатысушылардың сұрақ – жауаптарына ұласты.