Қоғам

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын жасау – еңбек өнімділігін арттырудың кепілі. Осы ретте халық денсаулығын оңалту жолында үлкен үлес қосып келе жатқан «Манкент Шипажайы» АҚ-ның бастауыш кәсіподақ ұйымында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі және төраға орынбасары Айдар Бахтыбаевтың қатысуымен «Өндірістік қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау» тақырыбында кәсіподақ мүшелеріне семинар өткізілді. Семинарда «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз сөйлеп, қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндірді. Бұдан басқа, жиын барысында өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, қауіпті жағдайларды алдын ала ескерту туралы түсіндірме берілді. Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сонымен қатар еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес, санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді. Жиын соңында пікір алмасулар болып, еңбеккерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Аталған мекемеде 210 қызметкер жұмыс істейді. Барлығы 100 пайыз кәсіподақ мүшелігінде. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бегзад Азизов.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта кәсіпкерлік саласы жанданып келеді

azatmedia

Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медаль табысталды

azatmedia

Тараздық емші өкпе, бауыр, асқазан обырына/рак/ шалдыққандарды емдеуде

azatmedia