Жаңалықтар

САЯСИ КЕҢЕС БЮРО ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының кезекті мәжілісі өтті. Мәжіліске Саяси кеңес Бюросының мүшелері, қалалық партия филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков және құрылыс бөлімінің басшысы Ғани Садықов қатысты.Бюро отырысының күн тәртібінде қалалық білім бөлімінің басшысы Ә.Момбеков және құрылыс бөлімінің басшысы Ғ.Садықов «AMANAT» партиясының Арыс қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламаның Жол картасының орындалуы туралы есеп беріп, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, отырысқа қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Сондай-ақ, Арыс қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция мүшелері сайлауалды бағдарламаның Жол картасының өздеріне бекітілген тармақтары мен бастауыш партия ұйымдармен бірлесе атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Жергілікті атқарушы орган басшылары мен фракция мүшелерінің жұмыстарын тыңдаған Саяси кеңес Бюросының мүшелері оң бағаларын беріп, бірқатар тапсырмалар жүктеп, жұмысты одан әрі жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Саяси кеңес Бюро отырысында сөз алған «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков жиында қаралған мәселелер партияның Сайлауалды бағдарламасында қамтылған өзекті міндеттер екенін атап өтті. Білім беру саласы мен қалада жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарындағы жағдай партияның тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «БІРЛІК» СПОРТ САЙЫСТАРЫ ӨТТІ

azatmedia