Жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КҮН!

Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры – дегендей, Балаларды қорғау күні – балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын асыға күтетін басты мерекелерінің бірі.

Халықаралық балалар күні әлемнің әр түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентайларды қызғыштай қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін ұлық мейрам.

Мереке қарсаңында Кентау қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің жеке демеушілігімен, әлеуметтік көмек көрсету орталығы және Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы және ұстаздар қауымының қолдауымен 29 мамыр күні мүмкіндігі шектеулі балалар мен аналарына мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Басаров, кәсіподақ төрайымы М.Таукеева кеш қонақтарын құттықтап, балалардың ата-аналарына алғыстарын айтып жылы лебіздерін білдірді.Мерекелік дастархан басында бас қосып, көңіл көтеріп отырған балалар мен аналарының қуаныштарын көргенде ерекше сезім пайда болды. Осындай сәттер адамның өміріндегі ең құнды сезім деуге болады.

Кешке қатысқан ата-аналар да балаларды мерекемен құттықтап, балаларға қуаныш сыйлаған барша жандарға ризашылықтарын білдірді.«Бүгін ерекше күн болды. Балаларымыз қуанып қалды. Ерекше бала болғандықтан көп жерлерге апара алмаймыз. Жиі серуендеуге де мүмкіндігіміз болмай жатады. Керемет көңіл-күй сыйлаған азаматтарға рахметімізді айтамыз», – деді бір топ ата-ана.Мерекелік кеште балалар «Кентау оқушылар үйінің» өнерпаздары балалар мен бірге ән айтып, би билеп, балаларға көтерінкі көңіл күй сыйлады. 

Қатысты жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

В ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ В ШЫМКЕНТЕ ТОРЖЕСТВЕННО ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ

azatmedia

ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

azatmedia