Қазіргі таңда ел аумағында «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «Балаңа уақыт арна» акциясы бастау алғаны баршамызға белгілі. Аталған акция аясында кездесу бүгін «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалы жанындағы «Байырқұм» бастауыш партия ұйымының базасында жалғасын тапты.
Арыс қаласы, Жиделі ауылдық округіне қарасты Аққала елді мекеніндегі «Аққала» жалпы орта білім беретін мектебінде «Байырқұм» бастауыш партия ұйымында төрайымы Гүлмира Әуезова мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрғали Зұлпыхаров ата-аналармен кездесіп, акция аясында бірқатар мәселелерді талқылады.
Кездесудің күн тәртібінде жұмыс берушілердің жұмыс пен отбасылық міндеттер арасындағы үйлесімділікті табу қажеттігін түсіну мақсатында ата-аналар өз балаларымен көбірек уақыт өткізу үшін жұмыс берушілер қызметкерлерді жұмыстан кейін кешіктірмеуге, мереке күндері жұмысқа шақырмауға үндеу, алдағы жаз маусымында балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және отбасы институтын нығайту бойынша мәселелер қаралды. Жиын соңында ата-аналар тарапынан бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, өзара пікір алмасты.