Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНДА САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, «AMANAT» париясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға аудандық партия филиалының төрағасы Қ.Қыстаубаев, ауылдық округ әкімінің орынбасарлары, мамандары, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Қабылдауға Жаңатұрмыс, Кабланбек елді мекенінен келген тұрғындар жерлерін елді мекен шегіне енгізу жұмыстарын жылдамдатуды сұрады. Салдарынан газ, су кіргізе алмай отырғандарын да жеткізді.

Аудан басшысы жауапты мамандарға жылдамдату жайлы нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аудан тарапынан әзірленетін құжаттың барлығы дайындалып жауапты басқармаға жолданғандығын да мәлімдеді. Сарыағаш қаласының тұрғыны Г.Шегебаева Сарыағаш қаласынан музей салу үшін жер беруді сұрады.А.Айдарұлы қаладан оқушылар сарайы салынады, сол ғимараттың төменгі қабатынан орын ажыратылатын болады деді.

Сарыағаш қаласының билері арнайы отырыстар өткізу мақсатындағы бөлме қарастыруды сұрады. Дербісек ауылдық округінен келген С.Ерменова тұрғын үйінің қазіргі жағдайын айтып шатырын жамауға көмек сұрады.Ауылдық округ әкімінің орынбасарына демеушілерді ұйымдастырып көмек көрсету тапсырылды.

Көп қабаты тұрғын үйлердің тұрғындары жауын шашынның салдарынан жер төлесіне су кіріп жатқандығын айтты. А.Айдарұлы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарына анықтап, жөндеу жұмысын жүргізу керектігін тапсырды. А.Бердиев Тоқманбетов көшесінің жарығы бойынша келді. Көше жарығына 2023 жылдың желтоқсан айында қаржы қаралып берілген. Алайда, мердігер мекемелердің арыз шағымдарына байланысты, жұмыс созбалаңға салынуда.

Самал мөлтек ауданынан келген М.Нұрмухамбетова табиғи газ жеткізуші мекеме мамандарының заңсыз әрекеттерінен берешегінің ұлғайып төлеу қабілетінің келмей отырғандығын және төлемді бөліп төлеу жолдарын қарастырып беруді сұрады.А.Айдарұлы мекеме басшысымен жеке хабарласып оң шешілуіне қолдау білдіретіндігін мәлімдеді.

Қала ішіндегі жолдарды орта жөндеу бойынша, кәріз жүйесінің құрылысы аяқталмай жүргізілмейтіндігін түсіндірді. 

Қатысты жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТ – БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ 800-ГЕ ЖУЫҚ САРБАЗ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАЙДЫ

azatmedia

ҚҰРБАН АЙТ – ҚАСИЕТТІ МЕРЕКЕ!

azatmedia