Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРА ЖӘНЕ КЕЛЕС АУДАНДАРЫНДА БОЛДЫ

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің өңір тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының 2024 жылы бекіткен «Түркістан облысының этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған ведомствоаралық жоспарына» сәйкес, өңірдің этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында мамыр айының 27-31 және маусым айының 03-19 күндері аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.

Бұл ретте, облыс тұрғындары арасында өтетін кездесулер «Ұлт болып ұйысуда бірлік пен ынтымақтың алатын орны?», «Зайырлылық және діндарлық. Діндар зайырлы болуы мүмкін бе?» тақырыптарында және «Этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды. Осы орайда, жоспарға сәйкес, Шардара қаласында кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімің басшысы Х.Исақов, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың аудандық ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Б.Рахматуллаев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, қалалық қоғамдастықтың төрағасы Е.Қаханов, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Зейнедилова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Оспанов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық медиаторлар кеңесінің төрағасы Б. Жанайдар, ауыл билері, этномәдени бірлестік мүшелері тағы басқа белсенді тұлғалар қатысты.

Сондай-ақ ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы Келес ауданында жалғасты. Оған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімің басшысы Х.Исақов, Түркістан облысының Келес аудандық Дін істер басқармасы дін істер мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Т.Айбек, ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Қ.Аширбаев, Келес аудандық Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары П.Тленов, ауылдық округтердің Ақсақалдар кеңесінің төарағалары мен мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымы Г.Сәрсенова, ауданның Медиация мүшелері, аудандық ЭМБ-нің төрағалары мен белсенді мүшелері, дін саласындағы өкілдері, ауыл ақсақалдары, көше билері және белсенді тұлғалар қатысты.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Қатысты жаңалықтар

САУРАН: АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚ КӘСІПКЕР БАЛЫҚ АУЛАУ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫН АШЫП, 10 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

azatmedia

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia