Жаңалықтар

САЙРАМДА ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сайрам ауданында зиялы қауым өкілдері «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбында бас қосты. Басқосуға Сайрам аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы маманы Айтов Сайфуддин Бейсенбайұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков, ауданның бас имамы Оспанов Арыстан Оразалыұлы, ауданның құрметті азаматы Құрманбеков Ақылбек, аудандық ақсақалдар кеңесінің алқа мүшелері ауданның құрметті азаматы Әлібек Байназар, өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Нишанбаев Абдирахман, түрік этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Ламаев Рамазан Исрафилович және кеңес мүшелері қатысты.

Басқосуда сөз алған А.Қабылбеков: Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінде үлкен мән бар. Достық пен татулықты темірқазығындай ұстанған елдің ең басты құндылығы – бірлік.

Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Мұны мемлекетіміздің әрбір азаматы жақсы біледі, жақсы сезінеді деген ойдамын.Ақсақалдар кеңестері Ассамблея жанынан құрылып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірге қызмет етуде – деді. А.Оспанов өз сөзінде: Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз- деп ой бөлісті.

Басқосу соңында ауданымыздың қариясы Байназар Әлібек ата бата беріп тарасты.

Қатысты жаңалықтар

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АРЫС ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

azatmedia

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ҚАРНАҚТА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

azatmedia

Сарыағаш: Жемісті ауылдық округіндегі мал шаруашылығының әлеуеті қандай?

azatmedia