Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлік саласын дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шаралары артып, мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта аймақтарда жүйелі жұмыстар істелуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде өткен жылдың қорытындысы бойынша біршама жұмыстар атқарылды.Былтыр 475 үміткер қатысып оның 114 -ті грант алды. 68 жастарға, 46 әлеуметтік осал топтарға берілді. Қазіргі таңда жоспар бойынша 114 адам дара кәсіпкерлік ашып кәсіптерін жасап,137 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.
Қала бойынша 5 жылда жалпы құны 93,0 млрд.теңгелік 42 инветициялық жоба іске асырылып, 1209 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Өңдеу өнеркәсіп саласы-10, машина жасау-1, Туризм саласы-2, Білім саласы-9, Агроөнеркәсіп саласы-16, Балық өсіру-4. Транспорт логистика-1. Бұл қазіргі жоспар, алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың қарқыны өсетін болады.
2023 жылы 30,4 млрд.теңгені құрайтын 15 инвестициялық жобалар іске асырылып, 256 жұмыс орны ашылады.”TURKESTAN AGRO.KZ” ЖШС 50 мың бас ІҚМ бордақылау алаңын ашу жоба құны 8,7 млрд. теңге. “KAZPLEMZAVOD” ЖШС 10 000 бас ірі қара малды өсіру және көбейту жоба құны 2 млрд. 275,0 млн. теңге.“KING MILK” ЖШС Түйе сүтін қайта өңдеу, ұнтақталған өнім шығарып экспорттайды, жоба құны 250,0 млн. теңге. Қуаттылығы 6 тонна ұнтақталған түйе сүтін шығарады. “DERMENE AGRO GROUP” ЖШС Балық өсіру, көбейту жобасын іске асыружоба құны 50,0 млн. теңге. 50,0 мың “сазан” тұқымдас шабақ өсіріп, балық шаруашылығын дамытып отыр. «ҚАРАТАУ ТРАНС СЕРВИС» ЖШС Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу жоба құны 11,0 млрд. теңге. Қуаттылығы жылына 50,0 мың тонна мұнай өңдейді.”MEGA-AGAT» ЖШС 1.Поливинилхлорид түйіршіктерін және қоспасын шығаратын зауыт жобасының құны 500,0 млн. теңге. Қуаттылығы 300,0 тоннаполивинилхлорид түйіршіктерін шығару. 2. Пластикалық құбырлар шығаратын зауыт жобасы жалпы құны 800,0 мың АҚШ доллары. Қуаттылығы тәулігіне 2500 метр пластик құбырларын шығарады. Бұдан бөлек “MEGA-AGAT» ЖШС Арыс қаласынан транспорттық-логистикалық орталығының құрылысы басталды. Жоба құны 4,0 млрд. теңге. Жобаның мақсаты көршілес ТМД елдерінен алыс-жақын Азия, Европа елдерінен тауар айналымын күшейтіп, халыққа азық-түлік бағасын қол жетімді етіп тұрақтандыру. Нысанның жобасы Европаның “А” стандартына сәйкес болады. Жобаның аумағы 6 га, салынатын ғимараттың көлемі 15000 шаршы метрді құрайды. Оның ішнде 3000 шаршы метрі желдеткішпен жабдықталған көкеніс сақтау қоймасы, 12000 шаршы метрі қатты заттар сақтау қоймасы болады.Сонымен қатар сыйымдылығы 9000 тонна астық сақтау қоймасының құрылысы басталды. Жоба құны 600,0 млн. теңге.
Өткен жылы 23,5 млрд.теңге ауыл шаруашылық өнімдері өндірілді. НКИ 110,4% құрады. Облыс бойынша 4 орында. 2023 жылы бұл көрсеткішті 25,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан 2023 жылға еңгізілген жоспар 15000,0 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары тапсырылған. Алғашқы төрт айдың қорытындысына сәйкес 7292,2 гектар(оның ішінде: 7291,0 гектар жайылым; 1,2 гектар суармалы егістік) жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды немесе тапсырма 48,6 пайызға орындалды. Қаладабарлығы 27 денсаулық сақтау мекемесі бар(2 аурухана, 1 емхана,7 дәрігерлік амбулатория, 5 акушер-фельдшерлік тірек,13 медициналық тірек);
Қалада 100 білім беру ұйымдары бар. Былтыр жеке инвестор есебінен Онтам е.м. 150 орындық мектеп құрылысы басталды. 2023 жылдың қыкүйек айында пайдалануға беріледі. “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында Көкжиде е/м М.Маметова мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында қосымша оқу корпус құрылысы басталады. 2023 жылы“Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында Монтайтас е/м Б.Онтаев мектебіне күрделі жөндеу жүргізіледі. Тараз тұрғын ауданында жайлы мектептің құрылысы басталады. Жеке меншік 2 мектеп, 4 балабақша салу үшін инвесторларға жер телімдерін беріп, құрылысын жүргізу.
Арыс қаласы бойынша “Қамқорлық” бағдарламасы аясында және де аз қамтамасыз етілген отбасыларға демеушілер есебінен (Қолғабыс қоры мен демеушілер есебінен)жалпы 193,3млн. теңге көмек көрсетілді.Оның ішінде демеушілер есебінен6 отбасына 48,0 млн теңге көлемінде,7 отбасыға мемлекет тарапынан жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Азық-түлік көмек түрінде 2731 отбасына 67,8 млн. теңге көлеміндеқаржылай көмек 61 отбасына 1,5 млн.теңге, қатты отын 75 отбасына 2,0 млн. теңге, киім-кешек пен 161 отбасына 1,9 млн теңге көлемінде және 74,0 млн.теңгеге басқа көмек түрлері көрсетілді.
Сонымен қатар, “Хан” ойын сауық орталығында 44 бала ай сайын тегін ойнайды, “Бахтияр” және “Қанат” шаштараздарында 88 бала ай сайын тегін шаштарын қидырады. Арыс қаласында “Тең қоғам” әлеуметтік оңалту орталығы, “Danis” коррекциялық оңалту орталығы және “Nigmet” оңалту орталығы ашылды. Бұл орталықтарда I–топтағы зағип жандар мен II, III-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және осы санаттағы балаларға қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, массаж, шахмат, дойбы ойыны мен спорттық дене шынықтыру жаттығуларына арналған тренажерлармен жұмыс істеу бағдарламалары енгізілген. “Тең қоғам” әлеуметтік орталығында күніне 60 мүгедектігі бар азаматтар және мүгедектігі бар балалар, “Danis” коррекциялық әлеуметтік орталығында күніне 50 мүгедектігі бар балалар, “Nigmet” оңалту орталығында күніне 35 мүгедектігі бар азаматтар ем қабылдайды. Осы орталықтарға бару үшін мемлекеттен 50 мүгедектігі бар балаларға субсидия жасалуда. Қала бойынша25 мәдениет және 7 спорт нысандары бар.
Сонымен қатар, былтыр ауданда 505 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде, облыстық “Балдаурен” атты жас әншілер мен мәдени іс -шара жүргізушілер байқауы кең көлемде атап өтілді. «Түркістан-Түркі әлемінің жүрегі»атты Түркістан қаласындағы Арыс қаласының мәдениет күндеріне театрландырылған қойылым, «Біз соғысты көрген жоқпыз» спектакль, гала концерт болып өтті, С.Адамбековтың 100 жылдығын «Біздің үйдің жұлдыздары» атты пьессасын, Д.Исабековтің 80 жылдығына «ДАРА ТҰЛҒА-ДУЛАТ АҒА» іс-шарасы өтті. Орталық кітапханада 524 іс-шара ұйымдастырылды. Ағымдағы жылыАқдала е/м 240 орындық, Жиделі е/м 120 орындық клуб пен кітапхана комплексінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. “Арыс футбол клубы” Қазақстан Республикасы бірінші лигасында ойын көрсетеді. Сонымен қтара, Қожатоғай е/м спорт зал құрылысын жүргізіледі.
Бүгінде қаладағы 33662 тұрғынды жер асты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған тозығы жеткен жоғары қысымды су магистралдық құбырын жаңа 12,6 шақырым құбырға ауыстыру құрылыс жұмыстары басталды. 3 е.м.тозығы жеткен су жүйелеріне күрделі жөндеуге, 5 е.м. жаңадан су жүйелерін жүргізуге, қаладағы 11 000 тұрғынды жаңадан су құбырымен қамтамасыз ететін ЖСҚ-лар дайындалды. Жалпы саны – 18 жоба. 2023 жылы Ұзындығы 12,6 шқ магистралды су құбыры құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. Қаладағы 3 тұрғын ауданда 16 көше, жаңадан су құбырларының құрылысын аяқтап, пайдалануға беру. Қамтылатын халық саны – 7418 адам. 2 е.м. жаңадан ауыз су жүйесі құрылысы басталады. Қаладағы тұрғын үйлердің 33,3% орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған. Кәріз жүйесімен коммуналдық меншіктегі «Ақаба Сервис» ЖШС-і қамтамасыз етеді. Мекеме теңгерімінде 7 су айдау станциясы, 38,2 шқ кәріз құбырлары, 2 су тазалау станциясы бар. 2022 жылы қаланың кәріз суларын тазалау станциялары және құбырларға жөндеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. «Тараз» тұрғын ауданына жаңадан кәріз жүйесін жүргізу құрылыс жұмыстары басталды.
Алайда, сот органдарымен жұмыстар уақытша тоқтатылды. 2023 жылы Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз құбырларын ағымдағы жөндеу. «Тараз» тұрғын ауданына жаңадан кәріз жүйесін жүргізу құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Былтырғы жылдың қорытындысымен қаланың 5 тұрғын ауданы және жеткізгіш құбыр іске қосылды. Ағымдағы жылы Отырар, Сырдария, Наурыз тұрғын аудандарын табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. 32 елді мекеннің 24 елді мекеніне газ тарту мүмкіндігі бар: 4 елді мекен бойынша ЖСҚ дайын, құны 1 992,3 млн. теңге;14 елді мекенге ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы күтілуде;3 елді мекенге ЖСҚ әзірлеу қажет. Арыс қаласы бойынша 29 елді мекен электр қуатымен қамтылған, 3 елді мекен көшірілген. Жалпы электрмен қамтылуы 99,8%. 2022 жылы қаланың «Саяжай» тұрғын алабында жаңа электр жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде 70-ке жуық тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылды; Арыс қаласы «Тараз» тұрғын ауданын электрмен жабдықтау құрылысы жұмыстары жүргізіліп, 3 дана трансформатор орнаталды. Нәтижесінде 120 жуық тұрғын үй және 285 жер учаскелері сапалы электр қуатымен қамтылу мүмкіндігіне қол жеткізді; Дермене а/о Қаражантақ, Саналы е/м электрмен жабдықтау үшін 3,67 шқ электр желілері тартылып, 2 дана трансформатор орнатылды. Нысан 2023 жылға өтпелі. 2023 жылы Монтайтас е/м қарасты Шағыр е/м жаңа электр жүйелерінің құрылысы жұмыстары. Жобаның жалпы құны 167,5млн теңге; Монтайтас а/о Бақырша, Ақтас е/м электрмен жабдықтау құрылысын жүргізу. Жобаның жалпы құны 103,1млн теңге.
2023 жылы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС инвестициялық бағдарламасы аясында Ақдала, Байырқұм, Сырдария елді мекендерінде жалпы 16,9 шқ электр желілерін және 6 дана трансформаторды жаңарту жұмыстары қарастыру. Қабылсай, №42 разъезд елді мекендеріне, қаланың Талдықұдық т/а және қала көшелеріне жалпы 4 нысанға ЖСҚ дайындау. Қаланың дамуына байланысты жаңадан салынған тұрғын аудандарды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 35/10 кВ қосалқы станция салу ЖСҚ-ы дайындау. Арыс қаласында демалыс орындары-15. Футбол алаңшалары-25, ойын алаңшалары-12, спорт алаңшалары-5. 2022 жылы Сырдарья елді мекенінде «С.Адамбеков» атындағы саябағы қолданысқа берілді; «Бірлік» монументінің ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды;«Жұлдыздар» аллеясының ЖСҚ-сы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды;8 футбол алаңшалары ағымдағы жөндеуден өткізілді; Қала және ауылдық округтер аумағында 59 429 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Ағаш көшеттері отырғызылған ұзындығы 9 шақырым қоршау орнатылды. Тамшылатып суғару жүйелерінің ұзындығы – 6,0 шақырымды құрады. Осы мақсаттарға 2 су ұңғымасы қазылды. Түркістан қаласындағы 17 көшеге жерге орналастыру, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Шағыр е/м жеке инвестордың есебінен футбол алаңшасы мен «Street Workout» орнатылды. Жоба құны 30,00 млн. теңге. 2023 жылы “Қасірет” мемориалына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу; Көп қабатты үйлердің аулаларын және ойын алаңшаларын абаттандыру; Қалаға және ауылдық елді мекендерге12 ойын, спорт, футбол алаңшаларын орнату; Қала аумағындағы тозығы жеткен аркаларды жөндеу; Жоспар бойынша 36670 ағаш көшеттерін отырғызу; Егілген және егілетін ағаш көшеттерін 9,2 шқ суғару жүйесімен және 14,5 шқ қоршаумен қамтамасыз ету; Қалада Ахымбеков пен Тәжібаев көшесінің қилысынан жеке инвестор есебінен саябақ құрылысын аяқтау. Жобаның құны 280,0 млн.теңге; Демеушілер есебінен қаладан спорт комплепксінің құрылысын бастау;
Арыс қаласы аумағында жалпы жолдың ұзындығы 638,6 шақырым . Оның ішінде жағдайы бойынша: жақсы – 88,6%, қанағаттанарлық – 1,8%, қанағаттанарлықсыз – 9,6 % құрайды. Қала ішінде 3 бағытта, ауылдық округтерге 4 бағытқа әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көліктер жүргізілуде. 2022 жылы “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында 2 елді мекенде 10 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджеттен қалада 12 көшеге орташа жөндеу, жұмыстары жүргізілді. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстары есебінен Жосалы мен Аққала е/м байланыстыратын 5,3км топырақ жолға тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша жолдарды күтіп жұмыстары есебінен, 310 метр жасанды жол кедергілері, 210 дана жол белгілері орнатылып, 1600 ш.м. асфальт жабындысы жөнделді, 1808 ш.м. жол және жаяу жүргінші сызбалары сызылды. Қала аумағында 13 дана автобус аялдамалары орнатылды. Монтайтас және Дермене а/о өз бюджеті есебінен Монтайтас, Шағыр және Екпінді елді мекендерінде тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы “Ауыл – ел бесігі” жобасы бойынша 2 елді мекенде 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі .Талдықұдық тұрғын ауданының ішкі көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті бюджеттен Арыс қаласында 10 көшеге, Қожатоғай е/м 2 көшеге, Шағыр е/м 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі; Қала бойынша 10 дана автобус аялдамаларын орнатылады. Қала аумағындағы 3 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізіледі. Кепілдік мерзімі шегінде бүлінген жолдарды мердігер есебінен қайта қалпына келтіру.
Арыс қаласы бойынша жалпы халық саны 79033 адам, қала аумағы 765,4 мың га құрайды. Қаланың құрамына 6 ауылдық округ кіреді. Қаланың ұлттық құрамы: қазақтар-95,4%, орыстар-2,7%, өзге ұлттыр-1,9%. Жалпы халықтың 32,3 мың адамы экономикалық белсенді, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны-30,6 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1%, жастар жұмысдық деңгейі 3,6%. 2022 жылы менің және орынбасарларым, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдерімен 799 қала тұрғындарын қабылдап, оның 785-не қабылдау барысында түсіндірме берілді, 14 қанағаттандырылды. Өткен жылы 6 ауылдық округ және қала тұрғындарымен 26 рет кездесіп, 171 үсыныс-пікірлер түсті. 2023 жылы 6 ауылдық округ және қала тұрғындарымен 7 рет кездесіп, 25 ұсыныс-пікірлер түсті. Ұсыныс-пікірлер бойынша іс-шара түзіліп, орындалуы бақылауға алынған. Қаланың әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, барлық көрсеткіштер оңды динамика көрсетуде. Тек тұрғын үйді іске қосу 13975 шаршы метрді құрап нақты көлем индексі 48,1% құрады.Жеке тұрғын үйлер бойынша13 975 шаршы метр орындалып, өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 113,3% құрады. Себебі бюджет есебінен көп қабатты тұрғын үйдің салынбауынан бекітілген межеге жете алмады.