Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес тұрғындарды қабылдау жалғасуда. Осыған сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.Қабылдау барысында тұрғындар мәдениет саласын дамытуды көтеріп, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің жұмысын жандандыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.Ертай Кенжебекұлы сауалдарды сала мамандары мұқият зерделеп, заң аясында шешім қабылданатынын айтты. Көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Азаматтардың сұрақтары бойынша тиісті түсіндірме беріліп, шешу жолдары қарастырылды.Еске сала кетейік, тұрғындар облыс әкімі орынбасарының қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІМІ ҚАРАЛДЫ

azatmedia

ҚИМЫЛЫ БАР ҚОҒАМДА ЖАЙЛЫ ТҰРМЫС ОРНЫҒАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 3 МЛН. ТОННАДАН АСТАМ КҮЗГІ ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

azatmedia