Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді. Есеп барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына тоқталып, 2023 жылы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.Жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.Жиын барысында аудан басшысы өткен жылы барлық салада дамудың оң динамикасы қалыптасып, кейбір көрсеткіштер бойынша облыста көш ілгері тұрғанын жеткізді. Баяндама барысында әр саладағы жетістіктерге жеке-жеке тоқталып, елді мекендерде атқарылған жұмыстарды атап көрсетті.Кеңес мүшелері тарапынан жиын барысында абаттандыру, ауыз су мәселелері және мектеп құрылысы бойынша сұрақтар қойылып, аудан әкімі тарапынан тиісті жауаптар берілді.Сонымен қатар, жиында аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.Жиын соңында қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімінің алдағы қызметі берекелі болуына тілек білдірді.
Алдынғы жаңалық