Ақпарат

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРҒЫН СУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылар тобы еліміздің Солтүстік өңірлеріне көмектесу үшін жолға шыққан болатын. Атап айтсақ, Түркістан өңірінен 54 құтқарушы, 14 техника жіберілді. Одан өзге 15 мотопомпа, 2 қайық, 16 портативті радиостанция, 2 спутниктік телефон, 5 шатыр, 50 төсек орын бар. Олар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде қызмет етіп жатыр.

Бүгін құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысына барып, қарғын судың алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті. Кәсіби мамандардан құралған топ тасқын қаупі жоғары Ғабит Мүсірепов, Айыртау, Тайынша және Тимирязев аудандарында жұмыс жүргізеді деп жоспарланған. Қазіргі таңда құтқарушылар су тақынының алдын алу және бақылау жұмыстарын атқарып жатыр.

Қатысты жаңалықтар

СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЗ СУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНДА МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

azatmedia

АЙМАҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

azatmedia