Ақпарат

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ БОЙЫНША ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАУ ОРЫНЫ АШЫЛДЫ

Күшіміз-бірлікте! Қазіргі таңда еліміздің су тасқыны болған аймақтарына көмек көрсету үшін бүкіл ел жұмылып жатыр. Әрбір аудан мен қалада жылу жинайтын орындар ашылды. Ал жергілікті волонтерлер клубы қайырымдылық жұмысының ауқымын одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
Еліміздің бірнеше облысындағы су тасқынына байланысты табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғтмаратында арнайы штаб ашылғанын хабарлаймыз!
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
-Киім-кешек.
-Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
-Гигиеналық заттар.
-Азық-түлік
-Тұрмыстық заттар.
Гуманитарлық көмек жинау орны: Түркістан қаласы, Әмір Темір 1 мекенжайы
Қабылдау уақыты: 09:00-19:00-ге дейін
Маңызды: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады. 
Байланыс үшін: +7 707 919 0504, +7 775 397-05-05

Қатысты жаңалықтар

ДДСҰ: Карантин шараларын түбегейлі алып тастау қауіпті

azatmedia

Тоқаев үкіметті емес, депутаттарды қолдайтынын көрсетті – Перуашев

azatmedia

Еңбек адамының қоғамда алатын орны ерекше

azatmedia