Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары, Ерікті жастар және Түркістан Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Түсіндірме жұмыстарының мақсаты: төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.Түркістан қаласында елеміздегі су тасқыны салдары бойынша гуманитарлық көмек жинау орыны ашылды.
Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары Түркістан облысы “Жастар ресурстық орталығы” ғтмаратында арнайы штаб ашылғанын хабарлаймыз!
Қажетті заттар:
-Киім-кешек.
-Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
-Гигиеналық заттар.
-Азық-түлік
-Тұрмыстық заттар.
Гуманитарлық көмек жинау орны: Түркістан қаласы, Әмір Темір 1 мекенжайы
Қабылдау уақыты: 09:00-19:00-ге дейін
Маңызды: әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге тыйым салынады.
Байланыс үшін: +7 707 919 0504, +7 775 397-05-05 Сонымен бірге, бүгінде еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқынына байланысты су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб апаттан зардап шеккен өңірлердегі халыққа медициналық көмек көрсету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды.
Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде, дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары қосымша тартылуда. Барлық эвакуацияланғандарды дәрігерлер қарап-тексеруде, олардың жағдайы тұрақты, қандай да бір жарақат алу туралы шағымдар түскен жоқ. Жүкті әйелдер мен балалардың жағдайына бақылау жүргізілуде. Босану уақыты таяған әйелдер аудандық және облыстық орталықтарға көшірілді.Денсаулық сақтау министрлігінде жағдайдың күнделікті мониторингі жүргізілуде. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін медициналық және психологиялық көмектің қосымша бригадаларын ашу үшін қызметтердің дайындығы қамтамасыз етілді.
Халықты уақытша жинау пункттерінде тәулік бойғы медициналық посттардың жұмысы қамтамасыз етілді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорлары дайындалды. Барлық өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау және мониторинг күшейтілді.
Сонымен қатар жергілікті жерлерде денсаулық сақтау мәселелері бойынша байланыс орталықтарының жұмысы бірыңғай алгоритммен тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстырылды. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер тұрғындары денсаулық сақтау басқармаларының Call-орталықтары бойынша келесі нөмірлерге жүгіне алады:
- Ақтөбе облысы (+7 (7132) 41 02 13)
- Қостанай облысы (+7 (7142) 52 40 70)
- Батыс Қазақстан облысы (+7 (7112) 24 00 06)
- Қарағанды облысы (+7 (7212) 95 55 59)
- Абай облысы (+7 (7222) 56 64 50)
- Ұлытау облысы (+7(7102) 99 95 09)
- Ақмола облысы (109)