Мәдениет

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени сәулет кешендері туралы

Ысқақ ата сәулет кешені, ХІІ-ХVғғ.

Ысқақ ата сәулет кешені, Тұрбат ауылдық округіне қарасты Қызылдихан ауылында, ескі мазарат ішінде, биік төбеде орналасқан. Кешен Ысмайыл ата кешені секілді Қараханидтер сәулет өнерінің ең озық үлгілеріне жатады. Ауласында бір ғасырға тән, бір үлгіде салынған бірнеше кесенелер топтасқан. 1990 жылдарға дейін кешен құрамындағы төрт сәулеттік нысан сақаталып келеген. Олар, Ысқақ ата кесенесі, Кіші мазар, Мазар, Атауы жоқ мазар. Жергілікті ауыл тұрғындары ХХ ғасырдың 90 жылдардың ортасында бұл кешенге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге бел байлап, Өзбекістан мемлекетінің Қоқан қаласынан шебер жалдап, кешен аумағында ескі қираған кесенелердің күйген қыштарымен Ысқақ ата кесенесінң қабырғаларын жаңартып қайта тұрғызады. Сол кезде құрылыстың үстіне 15 тонналық бетоннан жасалған күмбез орнатылған, алайда күмбез өте ауыр салмақты болғандықтан кесене ішінен ағаш тіреуіш бағандар тірелген. Соның салдарынан кесене ішіне кіру қауіпті болған. 2003-2006 жылдары Казреставрация ұйымы кешенге арнайы ғылыми- реставрациялық жұмыстар жүргізіп, Ысқақа ата кесенесінің қабырғалары мен күмбездерін күйген қыштармен қайта көтереді. Бір бөлмелі кесененің ішінде үш бағытта үш құыс арка тәріздес шағын бөлмелері бар, олардың әрқайсысында Ысқақ ата мен туыстарының бейіттері қойылған. Ішкі қабырғаларының жоғарғы бөлігі тқыштармен өрнектеліп, қаланған. Көлемі 6х5 метр. Еденге плита төселген. Кесене төбесінде бірінен екіншісі үлкен қоныс тәріздес екі күмбезі бар. Ескерткіштің беткі фасады арка арқылы кіре беріс ағаштан жасалған есігінен шығуға болады. Бүгінгі таңда кешен құрамында қайта қалпына келтірілген Ысқақ ата кесенесінің жай күйі жақсы сақталғанымен, кесенеден 50 метр оңтүстік – Батысында орналсқан атауы жоқ мазар ғимаратының күмбезі бұзылып, жөндеу жұмыстарын көрмегендіктен дуалдары жартылай сақталған күмбезінің орнына шифер жабылған. Осы екі насаннан басқа кешенеге қарасты мазар ғимараттары сақталмаған, тек орындары байқалады.Шілдехана, ХІV-ХVғғ.

Ысмайыл ата сәулет кешеніне кіреді. Қорым және басқа да құрылыстар құрамында батыс бөлігін құрайды. Орталық залдың үш жағында орналасқан үш қуысты порталды-күмбезді құрылыс. Ескерткіш төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған.Залдың ішкі көрінісінде – дуалдарында және күмбез асты шеңберінде әшекейлі өрнек көріністері сақталған.Ғимарат діни наным-сенімдерге байланысты құлшылық орны ретінде пайдаланылады.Мешіт, ХІ-ХV ғғ.

Мешіт кешенінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ғимарат алғашқы жобасы бойынша төртбұрышты, тоғыз күмбезді болып салынған. 1950 жылдарға дейін мешіт қатты бұзылған күйде қараусыз қалған, соның салдарынан бүгінгі таңда күмбездері сақталмаған. ХХ ғасырдың ортасында мешіт қабырғалары қайта қаланып, алғашқы жөндеуден өткен кезде, ғимараттың фасады ағаштан жасалған тіреуіш бағандармен тұрғызылған. Бүгінгі таңда мешітке реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, қайта жаңартылған. Мешітті ҚМДБ (Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы) пайдалануда. Мешіт тарихи-мәдени құндылығы бар сәулеттік кешеннің құрамында болғандықтан, мешіт қызметкерлері кешенге қарасты барлық ескерткіштердің айналасындағы тазалығына қарасады. Тарихи ғимарат ауылдық мешіт қызметін атқарып келеді. Үлкен бір күмбезді, екі бөлмелі мешіттің алғашқы көрінісіндегі ағаштан қаланған тіреуіш бағандарыдың орнына арка тәріздес үлкен терезелер түсіп, кең жабық бөлмеге айналған. Ішкі қабырғалары әктеліп, сырланған. Мешіттің жалпы көлемі 13,35м. 13х13м. Мешіттің үлкен залының батыс қабырғасында михраб орналасқан.Қошқар ата кесенесі. ХІV-ХVғғ.

Қошқар ата кесенесі Мешіт пен Шілдехана ғимараттарының ортасында орналасқан. Шағын ғана бір бөлмелі порталды –күмбезді құрылыс Шілдехана ескерткішіне жапсарлас соғылған, екеуінің арасында кішкене орналасқан. Қабатталып қаланған кірпіштері консоль тәрізді шығыңқы келген желкенді ойықтар – ғимаратқа ерекше сәулеттік көрініс береді.Кейінгі жүргізілген жөндеу жұмыстарына байланысты Шілдехана мен Қошқар ата кесенесінің біріккен архитектуралық композициясы, негізі фасад көрінісінен құрылыс дуалдары арқылы жасырылған. 2006 жылы мәдени мұра бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

Жәбірейіл – ата кесенесі.

ХІХ-ХХ ғғ.Ысмайл ата сәулет кешенінің құрамындағы Жәбірейіл ата кесенесі Мешіт ғимаратына жақын, екі саяжолдың қиылысқан жерінде орналасқан. Кесене шамамен 4 метр болатын шаршылы жобада салынған. Қабырғалары «Европалық үлгідегі» созылған пішінді күйдірілген кірпіштен қаланған. Кесене ертеректе бұзылған алғашқы мазардың орнына тұрғызылған деген деректер бар. Ескерткіштің саяжолға қараған оңтүстік және батыс фасадтары архитектуралық үлгіде өнделген. Оңтүстігінде П-әріпі пішінде көмкерілген үлкен сүйір қуысты кіре берісі бар. Портал бұрыштары мұнаралы болып екі жақ қапталдан көтерілген. Кіре беріс ойығы арқалық төсенішпен жабылған. Батыс фосады таяз қуыс болып өрнектелген күрекше төрт қырлы ұстындар арқылы үш бөлікке бөлінген. Ортаңғысында терезелі ойық орнатылған. Ғимараттың есігі ағаштан жасалған, іші сыбалып, ақталған. Кесенеге 2006 жылы мәдеи мұра бағдарламасы бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.Аңыз бойынша Жәбірейіл Ата Ысмайыл атаның ағасы болған деседі. Ал, Әлішер Науай өз еңбегінде: «Ысмайл, Жәбірейіл екі ағайынды болыпты. Жау шапқанда Жәбірейілді әке- шешесімен қоса қырып саладыда, 20 жастағы Ысмайлды тұтқын етіп ала кетеді. Бірнеше жылдардан кейін Ысмайыл ата елге яғни, Тұрбатқа оралған кезінде жақындарынан қалған жалғыз жеңгесі – Жәбірейілдің әйелі мұны танып, үйіне кіргізеді»-деп жазады.

Дарбаза, ХІХғғ.Ысмайыл ата сәулет кешенінің оңтүстік бөлігінде, ауылдың бас көшесіне қараған бетте орналасқан. Кешеннің аталмыш негізгі беріс қақпасы жобада тіктөртбұрышты пішінде, төрт биік қуысы бар порталды – күмбезді құрылыс болып табылады. Солтүстік және оңтүстік қабырғаларының өне бойы көрінісі ойық түрінде ашық болып келген. Нысанның көшеге қараған оңтүстік бетінде эпиграфиялық бөлшектегі сәндік нақышта қашалып жазылған көне жазулармен «1886-1887 жж.» орындалған мерзімі көрсетілген екі жақтамалы үлкен қақпа орнатылған. Портал жақтауы өрнектелген мұнара болып екі жақ қапталдан 6м. биіктікке дейін көтерілген. Құрылыстың екі қапталындағы қабырғаларында шағын есік орындары бар. Күйген кірпіштен тұрғызылған дарбазаның шатыры қаңылтырмен күмбезделіп жабылған. Дарбазаның сәулеттік көрінісі мен техникалық жәй-күйінің сақталуы.

Көктен ата бұлағы және Есенаман қалпе кесенесі

Көктен ата ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүрген Ысмайыл атаның замандасы, бауыры, мал баққан әулие болған ХІХ ғасырда Қоқан хандығы тұсында өмір сүрген Есенаман қалпеге арнап салынған.

Жылқышы (Қамбар) ата кесенесі

Жылқышы ата кесенесі – Қазығұрт ауданындағы Қаржан ауылынан 1 шақырымдай оңтүстік бағытта орын тепкен.

Жақсығұл мерген кесенесі

Аққұм ауылының кіре берісінде Жақсығұл мерген кесенесі орналасқан. Орбұлақ шайқасында мергендер қосынын басқарған әйгілі Жақсығұл мергеннің кесенесі.Сынтас қалашығыСынтас қаласы – Х-ХҮІ ғ. көне қала Қазығұрт ауданы Амангелді елді мекенінде орналасқан. Қала жаугершілікте құлаған соң, оны халық мазарға айналдырған.

Қалаға Қаржан өзеніне қыш трубалар арқылы су келтірілген. Қаланың жоғары алаңының диаметрі 60-64 м. Оңтүстік жағынан трапецияға ұқсас формадағы алаң қосылады. Солтүстік жағы Келес өзеніне жар болып үзіледі.   

Қатысты жаңалықтар

Ордабасы ауданына сән беретін бірден-бір сәулетті нысан бой көтертегелі тұр.

azatmedia

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: «Қырық Қыз» және «Көктерек Әулие» жайлы

azatmedia

Қазығұрт ауданының тарихи-мәдени мұра нысандары: Ақбура кесенесі

azatmedia