Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ КӘСІПКЕР ҰСЫНҒАН ТӘТТІ НАНҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам.

Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты. Жуантөбе ауылының тұрғыны Аманқыз Орынбасарқызы 2018 жылдан бастап нан жабу ісін қолға алған.Уақыт өте келе самса, қаттама, бәліш т.б тәтті нан өнімдері түрлерін шығара бастады. Бүгінгі таңда фасфуд өнімдерін де қолға алып, кәсібін ұлғайтып отыр.

– “Ас атасы – нан” демекші, бар берекенің бастауын осы кәсіппен айналысқалы көріп келем. Жалпы өзім үй шаруасындағы анамын. Ең алғаш кәсібімді 2018 жылы нан жабу ісімен бастадым. Уақыт өте келе самса, қаттама, бәліш т.б тәтті нан өнімдері түрлерін шығарып, жұмысыма деген қызығушылығым арта түсті. Осылайша бұл салада кәсіби маман ретінде жұмыс істеуді ұйғарып, чикен, котлет, балық және лаваш сияқты фасфуд өнімдерін де қолға алдым. Ауылым аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан сұраныстың басым көпшілігі жергілікті тұрғындар тарапынан түседі. Халықтың арқасында табыс тауып отырған соң барынша сұранысқа сай үлгеріп, көптің көңілінен шығуға тырысамын, – дейді кәсіп иесі.

Кәсібінен береке тапқан ардақты ана қазіргі таңда той, жиындар жиі өткізілетіндіктен қосымша тағамдарға да сұраныс түсіп отыратынын тілге тиек етті. 

Қатысты жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 40 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕГІ КЕЛДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

azatmedia

Д.САТЫБАЛДЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАБЫС ТАБУДЫҢ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

azatmedia