Экономикада басты міндеттердің бірі – жол инфрақұрылымын дамыту. Республикалық маңыздағы ғана емес, ауыл-аймақтағы автожолдардың өзі тақтайдай тегіс, сапалы салынуы қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған баса мән беріп, Үкіметке тиісті тапсырма берген болатын. Енді жылдан-жылға жол құрылысына бақылау күшейіп келеді.Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Қазығұрт және Төлеби аудандарын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-29 «Шарапхана – Жаңабазар – 1 Мамыр» автомобиль жолының 42-50,6 шақырымына (Алғабас, 1-Мамыр елді мекені аралығы) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Басқарма басшысы Ролан Ибрагимов аталған нысандағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылау мақсатында арнайы барып, мердігер мекеме башыларымен кездесті. Мердігер және техникалық қадағалаушы мекеме басшыларына жұмысты сапалы атқаруды және өндірістік кестеге сәйкес уақытылы аяқтауды тапсырды.Айта кетейік, аталған нысанның жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған. Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға өтпелі. Өткен жылы жолдың ескі асфальт жабыны фрезаланып, тегістегіш қабаты салынған. Бұдан бөлек, елді мекендерде жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынды.Биыл өндірістік кестеге сай жол бойына жарықтандыру шамдары орнатылып, асфальт жабындысының екінші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Келесі жаңалық