Мемлекет басшысы «ауылды қайта жаңғыртып, ауыл шаруашылығын дамытуға көңіл бөлуіміз керек» деп, Үкіметтің алдына нақты міндет қойды. Келешегі кемел, көңілге қонымды, қайтарымы зор, халықтың қарнын тойғызып, киімін бүтіндейтін, хал-ахуалын жақсартып, жақсылыққа жетелеп, тұрмысын түзетуге апаратын сара жол да осы негізі. Ауыл шаруашылығын дамыту – мемлекетті алға сүйреу, оның келешегін ойлау. Ауылшаруашылық өнімін өндіретіндер – ауылдықтар. Өйткені олардың тұрмысы мен табысы ауылмен, жермен байланысты. Президент ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қойды және осы құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.Осы бағытта Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі аумағындағы орналасқан «Ускенбай» шаруақожалығында болды. Шаруақожалық төрағасы У. Рысмамбетов аудан әкіміне егін егу барысын баяндап, өсіріп отырған өнім түрлерімен таныстырды.– Ауыл шаруашылық өнімдері-тұрғындардың басты азығы. Аудан тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалану арқылы, шаруақожалықты үлкен мекемеге айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар, – деп аудан басшысы,өз қолдауын білдірді.Айта кетсек, шаруақожалық төрағасы 2 га аумақтың 1 га картоп, 0,6 га қырыққабат, 0,4 га болгар бұрышын егіп, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.Сонымен қатар, Арман Абдуллаев облыс әкімінің «Түркістан облыстық статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, дерекқор базасындағы және ауыл округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу туралы», таспырмасын орындау бойынша жұмысшы топ мүшесінің төрағасының орынбасары облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғ. Құрманбай мен кездесті. Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды. Айта кетсек ауданымыздағы мал басын сәйкестендіру, ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы, қажетті биотермиялық шұңқырларды (Беккари шұңқыры) және уақ мал тоғытатын орындарды салу туралы, аудандағы ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы туралы, ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы.Сонымен қатар, ауданның елді мекендерін сапалы электрмен қамтамасыз ету бағытында жұмсытра қарқынды жалғасуда. Бүгінгі таңда, энергия көздері бойынша қосымша су электр станциясы пайдалануда, сондай-ақ қосымша тағыда бір шағын су электр станциясын салу жоспарлануда. Бұл ретте, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданымыздағы электр энергияларды өндіру саласын дамытып келе жатқан «Келесгидрострой» ЖШС-нің жұмысымен танысу мақсатында Жарты төбе ауылдық округі, Құрама елді мекені аумағындағы, Келес өзенінің бойында орналасқан 4,5 МВт электр қуатын өндіретін «Дархан» шағын су электр станциясына барды.Аталған су электр станциясының құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға берілген.Қазіргі таңда, 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, Жарты төбе және Құркелес ауылдық округінде 2000 абонентті электр қуатын қамтамасыз етуде.Сонымен қатар, аудан басшысы «Келесгирострой» ЖШС-нің Қабланбек ауылдық округі, Ташқұлақ елді мекенінде жоспарланудағы су электр станциясының жерімен танысты.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық