Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялаған болатын. Ол елімізде көптеген ауқымды жобалар, бағдарламалар бар екендігін атап өтіп, жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыру керектігін тапысырды. Бүгінде Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында жаңа жобаларды жүзеге асыруда тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша 2023 жылы іске қосылатын жалпы жобалар саны – 11. Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 6 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 2 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары – 3 жоба. Жалпы жобалар құны – 3 млрд. 743 млн.тг. Жаңадан ашылатын жұмыс орны саны – 99.
Өткен жыл қорытындысымен Бәйдібек ауданы бюджетінің кіріс бөлігі нақты 16 млрд. 582,2 млн. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 52 млн.578,8 мың теңгеге, ал 2023 жылдың 3 айында нақты 1,9 млрд. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 117,2 млн. теңгеге артығымен орындалған. Жергілікті бюджет түсімдері өткен жылдың қорытындысымен нақты 1 млрд. 246,7 млн. теңгеге, осы жылы 3 айда 0,5 млрд. теңгені құрап, артығымен орындалған. Былтыр ауданда 55,8 млрд. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 млрд. теңгеге, 2023 жылдың 3 айында ауданда 6 млрд. 447,6 млн. теңге болып өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 685,0 млн. теңгеге артып отыр. Былтыр 21,6 млрд. теңге , 3 айда 2 млрд 167,4 млн. теңгеге инвестиция тартылды. Жалпы ауданда 11 ауылдық округ, 51 елді мекен, 48 936 халық бар. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,6 млрд. теңге болып,нақты көлем индексі 112,7%-ға орындалды. Оның ішінде мал шаруашылығы 17,6 млрд. теңге , өсімдік шаруашылығы 17,9 млрд. теңге құрады. 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4 млрд. 389,6 млн. теңгеболып, нақты көлем индексі 101,8%-ға орындалды. Оның ішінде мал шаруашылығы 4 283,4 млн. теңге , ал, өсімдік шаруашылығы 106,2 млн. теңге құрады. Өткен жылы жалпы құны 565,3 млн. теңгеге 5 жоба іске асырылды. Өткен жылы ауданда егістік жерді игеру жоспары 100 500 гектар болса, нақты 103 536 гектар игерілді. Ағымдағы жылы егістік жерді игеру жоспары 103 500 гектар болса, бүгінгі таңға толық игерілді (100%). 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру бойынша жоспар толығымен орындалды.
Өткен жылы жылдық жоспар 60,2 гектарға 100,2% орындалды. 2023 жылы жылдық жоспар 66,4 гектар болса, бүгінгі таңда 66,4 гектарға картоп, қияр, қырыққабат, қарбыз, қызанақ егіліп тапсырма толық 100 пайызға, жалпы 33 жоба іске асырылып отыр. Өткен ылы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 69 техника алынып, тапсырма 100% толық орындалды. 2023 жылы жылдық жоспар 75 бірлік. Қазіргі таңда 35 техника алынып, тапсырма 40% орындалды. Мал басын көбейту бойынша өсім бар. Былтыр ірі қара мал – 62,8 мың бас , қой- 509,6 мың бас , ешкі – 53,2 мың бас, жылқы – 25,2 мың бас, түйе – 277, құс – 116,9 мың басты құрады. 2023 жылы ірі қара мал – 74,0 мың бас, қой- 657,5 мың бас, ешкі – 76,8 мың бас, жылқы – 26,9 мың бас, түйе – 281, құс – 113,8 мың басты құрады. Өткен жылы ет 101,1 % , сүт 104,1 %, жұмыртқа 102,4 % өндірілді. 2023 жылы 3 айда ет 102,2 %, сүт 102,6 % , жұмыртқа 104,1 % өндірілді. Тиісінше мал өнімдерін өндіру бойынша тапсырмалар да артығымен орындалды.
Аудандағы өеркәсіп өнім көлемі өткен жылы 1 млрд. 387,3 млн. теңгеге немесе 100,7% пайызға, ал 2023 жылы 3 айда 157,6 млн. теңгені құрады. Былтыр тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 011 бірлікті құрап, оның ішінде жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 932-ге жетті . 2023 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 535 бірлікті болса, оның ішінде жұмыс жасайтыны 5465-ке жетті . Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде ауданнан жалпы саны 4 ауылдық округ тіркелді. Аталған несиені алуға 136 жеке тұлға ниет білдірсе, 20 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынылуда. Алғабас ауылдық округінен мал шаруашылығы бағытындағы «Арыстанды Агро» АШӨК (ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі) құрылды. Құрамында мүшелікке кіруге ниетті жалпы адам саны – 58 жеке тұлға болса, бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 53. «Ырыс» МҚҰ мамандарымен бірге несие алуға ниетті жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайы бағаланып, 12 жеке тұлғаның құжаты толық дайындалып комиссия отырысына қаралуға жолданып, 10-ы оң қорытынды алды. Одан бөлек 7 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынуға дайын. Ақбастау ауылдық округі бойынша мал бордақылау және сүт бағытындағы «Майлы- 7» АШӨК құрылды. Құрамында мүшелікке кіруге ниетті жалпы адам саны – 83 жеке тұлға болса, бүгінгі күнге дейін заңды тіркелгендер саны – 33. 83 жеке тұлғаның 16-сүт бағыты, 67–мал бордақылау бағытында несие алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 13 жеке тұлғаның жоба құжаттары толық жинақталып, қаржы ұйымының комиссия отырысына ұсынуға дайын. Аудан аумағында ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер көлемі 556 171 гектар. Жоспарға сәйкес, ауданда өткен жылы ортақ жайылым жерлерді кеңейту мақсатында жайылым жер иелерімен өзара келісімге тұру арқылы меморандум түзу көрсеткіші 76,1 мың гектар тапсырмасы беріліп, нақты 95 408,57 гектар жайылым жер иелерімен 176 меморандум түзіліп (аудандағы жайылым жерлердің 24,5 пайызы) жоспар 125 пайызға артығымен орындалды. Мемлекет меншігіне қайтару жоспары 59,3 мың гектарды құраса, 61 мың гектарға 102%-ға тапсырма толығымен орындалды. 2023 жылы облыс прокурорының, облыстық жер қатынастары басқармасы, жер ресурстарын басқару департаментінің және жер қатынастары бөлімі өкілдерінің бірігіп, жер телімдеріне талдау жүргізу нәтижесінде 164,5 мың гектар ортақ жайылым жетіспеушілігі анықталды. Ағымдағы жылы жерлерді мемлекет меншігіне қайтарудың жылдық жоспары – 20 мың гектар, оның ішінде 3 айға бекітілген жоспар 2 мың гектар болса, тапсырма толық орындалды.
Аудандағы 50 білім беру мекемесінің 45-і типтік үлгіде, 4-і ыңғайластырылған жайда орналасқан. Өткен жылы «Досан» мектебінің жаңа ғимараты, «Жолғабас» мектебінің жапсарлас қосымша оқу ғимараты және М.Әуезов ІТ мектеп-лицейінің жанынан қосымша спорт зал құрылысы пайдалануға берілді. Аудандағы 50 білім беру мекемесінде 2419 педагог 12 641 оқушыға білім беруде. 12 мектептің ғимараттары ескіруіне байланысты күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге адами әлеуетті дамыту басқармасына өтінімі ұсынылған. Ағымдағы жылы 6 мектепке тиісті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен ЖСҚ-н әзірлеу жұмыстары атқарылуда. «Балапан» бағдарламасы аясында ауданда 45 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде алты жасқа дейінгі 2710 бала қамтылып, қамту көрсеткіші 100 пайыз . “Қамқорлық” бағдарламасы аясында өткен жылы 20 отбасы нақтыланып, оларды сүйемелдеп өмірлік қиын жағдайдан шығару мақсатында әлеуметтік қолдау көрсететін топтың құрамы бекітіліп, мемлекет тарапынан және демеушілер есебінен 15 млн. 587 мың теңгенің көмегі көрсетілсе, 2 отбасыға тұрғын үй берілді. Одан бөлек, былтыр ауданда қосымша демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген 13 отбасыға баспана берілді. 2023 жылы 14 отбасы нақтыланып, оларға азық-түлік және басқада тұрмыстық қажеттіліктерін 10-15 пайыз төмен бағада ұсыну үшін 20 жеке кәсіпкермен меморандум түзілді. Ағымдағы жылы демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген 4 отбасыға баспана берілді. 14 – азық түлік дүкені, 2 – дәріхана, 2 – монша, 2 – шаштараз және осы отбасылардың коммуналдық қызмет ақыларын тұтыну құнынан 10-15 пайыз аудандық деңгейде ауыз суға жеңілдіктер қарастырылып, қосымша “ҚазТрансГазАймақ” АҚ Түркістан өндірістік филиалына, “Энергопоток” ЖШС арнайы хат жолданды. Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек 344 отбасыға 2119 адамға 95 млн. 164 мыңтеңге тағайындалған. Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмегі 312 отбасы (1929 адамға) 78274,1 мың тенге, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 32 отбасы (190 адамға) 16890,3 мың теңге). 2023 жылы І тоқсанында 284 отбасыға 1783 адамға 43 млн. 622 мың теңге тағайындалды. Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмегі 262 отбасы (1687 адамға) 39613,0 мың тенге, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 22 отбасы (96 адамға) 4009,0 мың теңге). Ағымдағы жылдың ІІ тоқсаны бойынша (01 мамырға дейін) 129 отбасы 811 адамға 18 млн. 965 мың теңге тағайындалды.
Өткен жылы кепілдендірілген әлеуметтік пакет, азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығы 532 балаға 24351,4 мың теңгеге. 2023 жылы 503 балаға 7576,0 мың теңгенің кепілдендірілген әлеуметтік топтама қаржысы берілді. «Ұлттық жоба» аясында былтыр 1992 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылса, ағымдағы жылы 3 айда 1067 азамат жұмысқа орналасып отыр. «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамытуға арналған. Ұлттық жоба» аясында былтыр 1075 азамат, 2023 жылы 3 айда 212 азамат бос және жаңа жұмыс орындарына орналасты. Өңірлік жұмыспен қамту картасымен аудан бойынша 26 жобаға 187 азаматты тұрақты және уақытша жұмыспен қамту жоспары бекітіліп, сәуір айында 27 азамат жұмысқа тартылды. 2022 жылы «Ұлттық жоба» аясында уақытша жұмыстармен 917 азамат, ағымдағы жылы 3 айда 828 азамат қамтылып отыр. «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамытуға арналған Ұлттық жоба» аясында 2022 жылы 1075 азамат, 2023 жылы 3 айда 212 азамат бос және жаңа жұмыс орындарына орналасты. Өңірлік жұмыспен қамту картасымен аудан бойынша 26 жобаға 187 азаматты тұрақты және уақытша жұмыспен қамту жоспары бекітіліп, сәуір айында 27 азамат жұмысқа тартылды. Былтыр «Ұлттық жоба» аясында уақытша жұмыстармен 917 азамат, ағымдағы жылы 3 айда 828 азамат қамтылып отыр. Жыл қорытындысымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс тапсырмасына сәйкес жылдық жоспар 301 адамды қамту болса, 366 адам (121,6%) жұмыспен қамтылды. 2023 жылы жылдық жоспар 652 адамды қамту болса, 3 айда 122 адам (18,7%) жұмыспен қамтылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға былтырғы жылы 80 азаматқа мемлекеттік гранттар берілсе, ағымдағы жылы 80 азаматқа грант тағайындау жоспарланып, 3 айда 20 азаматқа мемлекеттік гранттар берілді. 2022 жылы алғашқы жұмыс орны – 20 адам, мемлекеттік грант – 80 адам, әлеуметтік жұмыс орындары – 115 азамат, жастар практикасы – 220 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 462 азамат, күміс жас – 16. 2023 жылы алғашқы жұмыс орны – 6 адам , әлеуметтік жұмыс орындары – 175 азамат , жастар практикасы – 41 азамат , ақылы қоғамдық жұмыстарға – 570 азамат, күміс жас – 36. Ауданда денсаулық сақтау саласында 49 медициналық мекеме бар, оның ішінде 44-і типтік, 5-і ыңғайластырылған жайда орналасқан.
Сонымен қатар, орталық ауруханаға қарасты Шақпақ дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың 3 айында 3542 шаршы метрге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,4 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстарының нақты индекс көлемі былтырғы жыл қорытындысымен 14 млрд. 623,7 млн. теңге, 2023 жылдың 3 айында 772 млн. 5 мың теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда орындалды. Өткен жылы 2 нысанның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына республикалық бюджеттен 636,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылып пайдалануға берілді. Қазіргі таңда, құрылыс саласы бойынша 10 нысанның құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін қаржыландыруға ұсынылған. Тұрғын үйге мұқтаж кезекке тіркелген 667 азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2 қабатты 16 пәтерлі 2 тұрғын үйдің және Шаян ауылындағы 1 қабатты 20 үйдің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген жағдайда 52 отбасы тұрғын үймен қамтылып, кезекте тұрған азаматтардың санын азайтуға мүмкіндік болар еді.
Сонымен қатар, 4 спорт, 1 стадион және 2 мәдениет нысандары пайдалануға берілген жағдайда, жергілікті тұрғындар игілігіне пайдаланатын болады. Одан бөлек, Шаян ауылынан 170 гектар жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінің жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Аталған инфрақұрылым құрылыстары аяқталғанда кезектегі жалпы 1495 азамат үй іргелік жермен қамтамасыз етіледі. Шаян ауылынан 100 000 кітап қорына арналған орталық кітапхананың, Ағыбет ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің және Бәйдібек ата елді мекенінен дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыстары жүргізілуде. Аудан аумағында орналасқан 17 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Олар Шаян, Шалдар, Жамбыл, Ақбастау, Екпінді, Шыбыт, Боралдай, Тасқұдық, Сарқырама, Ынтымақ, Мыңбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Мәдениет, Қосбұлақ, Жүзімдік, Ақбұлақ. 2021-2023 жылдары аралығында 15 елді мекенде табиғи газбен қамтамасыз етуге жоғары тұрған бюджеттен бөлінген 3 млрд. 838.1 млн. теңге қаржыларға тиісті мердігер мекемелер тарапынан құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 7 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттен қаржыландыруға 2 млрд. 200,8 млн. тенгеге бюджеттік өтінімдері ұсынылған. 8 елді мекенге жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау сметалық құжаттамалары жергілікті бюджет есебінен әзірленуде. Аудандағы 51 елді мекеннің 43 елді мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 1 елді мекенде, жаңа ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2 елді мекенде, жаңа ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тарапынан жер асты су қорына зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілген. 5 елді мекен шалғайда және халық саны аз экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан Түркістан облысының 2022-2026 жылдарға арналған елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, жер асты суын тазартатын модульдік қондырғылар орнату жұмыстары көзделіп отыр. Сонымен қатар, 3 елді мекенде ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта құру жұмыстары жүргізілуде. 2 нысан ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарлануда. Ал Шақпақ елді мекені 2024 жылға өтпелі. Ақбастау елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге әзірленген ЖСҚ-ның құны 580,4 млн.теңге болып, 2023 жылға облыстық бюджетке қаржыландыруға өтінімі ұсынылды. Боралдай елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге әзірленген ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сонымен қатар 8 елді мекеннің ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржылары аудан бюджетінен қарастырылды.
Аудан аумағында жалпы пайдаланымдағы және елді мекендердің ішкі көше автомобиль жолдарының ұзындығы 937,3 шақырымды құрайды. Республикалық маңызы бар 25 шақырым автомобиль жолының 100 пайызы асфальттанған. Облыстық маңызы бар 426 автомобиль жолының 410 шақырым асфальт, 16 шақырым шағал тас. Аудандық маңызы бар 116,8 шақырым жолдардың 112,6 шақырымы асфальттанған, 4,2 шақырымы тас жол . Елді мекендер ішіндегі 369,5 шақырым көше жолдарының 236,3 шақырымы асфальт, 127,6 шақырымы шағал тас, 5,6 шақырымы топырақ жол. Өткен жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. 875 млн. теңге қаржыға ұзындығы 73,1 шақырым болатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы Таңатар елді мекенінің кіре беріс 3 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында жалпы құны 220 млн. 453,6 мың теңге қаржыға ұзындығы 6,8 шақырым елді мекен ішкі көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2023 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында: 3 елді мекеннің 19,6 шақырым ішкі көше жолдарына жалпы 530 млн. 257 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ, Өткен жылы аудандық бюджет есебінен 101,2 млн. теңгеге Шаян елді мекеніндегі 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді, Мүсірепов көшесіне , Жанаева көшесіне , Күлтөбе көшесіне. Ағымдағы жылы облыстық, аудандық бюджеттен бөлінген 823,8 млн. теңге қаржыға 19,4 шақырым елді мекеннің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, облыстық бюджеттен 216,8 млн. теңге қаржыға аудандық маңызы бар 9,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы аудандық бюджеттен 21 елді мекендегі 19,7 шақырым топырақ жолдарға халықтың сұранысымен тас төселді. Олар Ағыбет, Шақпақ, Қазата, Алмалы, Кеңес, Бірлік, Кеңестөбе, Ынтымақ, Ақтас, Ж.Боралдай, Жыланды, Ақтас, Кеңсай, Қошқарата, Шұқыршақ, Шалдар, Жүзімдік, Тасқұдық, Шыбыт, Қосбұлақ, Мәдениет. 33 көше Талдыбұлақ, Желтоқсан, Е.Құлшыманұлы, Ү.Әлімбекұлы, Өткел, Бірлік, Ынталы, Шұғыла, Тың, Жуалы, Теректі, Нұр, Аққуыс, Жолөткен, Тұрсынбеков, Нысанов, Жайлау, Ақ өткел, Пәшенұлы, Қазбанбет, Жеңіс-65, Сеңгірбай, Бозжігітов, Ботбаев, Оңласынов, Баетов, Шалдарсай, Тайшабаров, Канал, Жібек жолы, Шапағат, Қарабұлақ, Ырысты.
Сонымен қатар, өткен жылы 28,6 млн. теңге қаржыға Бәйдібек ата ( және Шақпақ елді мекендеріндегі көпірлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Өткен жылы аудандық бюджеттен бөлінген 126 млн.142 мың теңге қаржыға аудан аумағында орналасқан 6 елді мекендегі 10 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Одан бөлек, демеуші есебінен Шаян елді мекеніндегі көп қабатты 1 тұрғын үйдің шатыры мен сыртына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жеке кәсіпкердің демеушілігімен Ордабасы ауданы Ақтөбе елді мекеніндегі талшықты оптикалық желіден радиомост арқылы Мыңбұлақ ауылдық округі Мәдениет елді мекендегі 77 үйге 15 млн. қаржыға байланыс антеналары орнатылып, арнайы модемдермен Wi-Fi тарату құрылғылары арқылы интернет берілді. Бұл жұмыстарды демеуші кәсіпкер мен «HyperOpticQZ» ЖШС-і «Қазақтелеком» АҚ-ы мен келісім-шартқа тұрып іске асырылды. Қазіргі таңда аталған демеуші тарапынан, Мыңбұлақ ауылына байланыс антеналары мен Wi-Fi тарату құрылғыларын орнату жұмыстары жүруде. 2023 жылға аудандық бюджет есебінен 75 млн. 730 мың теңге қаржыға Шаян елді мекеніндегі көп қабатты 3 тұрғын үйдің қас-келбетін жөндеу жұмыстары және 97 млн. 769 мың теңге қаржыға аудан аумағында орналасқан 7 елді мекендегі 8 нысанды абаттандыру жұмыстары жоспарлануда. 2 елді мекенге Араб инвесторы Шейх Халифаның құс өсіру орталығының демеушілігімен балалар ойын алаңшаларын салу келісілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 233 млн. 94 мың теңге қаржыға Бәйдібек-ата елді мекеніндегі орталық саябақтың құрылысы жүргізілуде.
Елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыру бойынша былтыр демеушілер есебінен аудан көлемінде 27 164 ағаш көшеттері егілді. 2023 жылы ауылдардың кіре беріс көшелеріне 21900 дана сәнді ағаштар мен гүлді ағаштар көктем мезгілінде отырғызылды. Электрмен қамтамасыз ету бойынша Аудандық электр жүйесі теңгерімінде 1 074,4 шақырым әуе желілері ,22455 дана бағана және 321 дана қосалқы трансформаторлар 9028 абонентке қызмет көрсетуде. Өткен жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес 36,28 шақырым әуе желілері, 771 дана темірбетон бағаналары және 3 дана қосалқы трансформатор подстанциялары ауыстырылып, бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында орын алған дауыл салдарынан құлаған 760 дана бағана мен әуе желілері толықтай қалпына келтірілді. Бәйдібек ата ауылында 35/6кВ подстанцияға жер бөлініп, ағымдағы жылы подстанция салу жоспарлануда. 2023 жылы«Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес 3 елді мекенде 13,5 шақырым әуе желілері мен 249 бағана және 4 КТП ауыстыру жоспарланған. Өздігінен электр желілерін тартып, бағаналарын орнатып алған аудан аумағындағы 28 елді мекендегі 53 көше бойларында орналасқан 1445 тұрғын үйлерді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп,облыстық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған.