Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӘР ГЕКТАРДАН 90 ТОННА ӨНІМ АЛУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтты. Мемлекет Басшысының айтуынша  бұл реформалар Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудағы аса маңызды қадамдар болмақ.

Жолдауда көтерілген басты мәселелер  – қазақстандықтардың табысын арттыруға,  әлеуметтік жағдайын жақсартуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, ел экономикасын модернизациялауға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Президент бұл Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.Келес өңірінде көктемгі егіс жұмыстары қыза түсті. Қазіргі таңда мол өнім алу мақсатында егістік алқаптарды тазалау, жер жырту, тұқым себу және суару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауданның еңбекқор шарулары жергілікті халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп, кәсіптерінің жемісін көруде. Солардың бірі – келестік шаруа Өмірзақ Мақсат. Ол үш жылдан бері пияз егіп, табысын еселеуде. Шаруа Жаңадәуір ауылында орналасқан 2 гектар суармалы жеріне өткен жылдың тамыз айында пияз өнімін қондырған. Биыл маусым айының басында еккен өнімін саудалауға дайын отыр. Шаруа мол өнім алуда кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ түретінін айтып өтті.– Пияз егумен үш жылдан бері айналысып келеміз. Өнімнің тұқымын көрші өзбек елінен алдырамыз. Олар Кореядан дақылдарды арнайы алдырып, сұрыптап, саудалап отыр. Биылғы еккен пиязымыздың сорты «Пассад» деп аталады. Бұл сұрып ұзақ күнде дайын болуымен ерекшеленеді. Есесіне өнім мол алынады. Өткен жылдың тамыз айында тұқымын жетілдіріп, қазан айында көшет қылып отырғыздық. Қысымен қардың астында жатады. Көктемде өңдеу жасалып, өнім алуға дайындаймыз. Өнімді еселеу үшін түрлі сыналған дәрумендер қолданылады. Нәтижесінде пияз еккен шаруалар гектарынан 80-90 тоннаға дейін өнім жинайды, – дейді шаруа.Айта кетейік, биыл Келес ауданында 27 мыңнан аса аумаққа егін егілсе, оның 11 мыңға жуық жеріне бақша, көкөніс өнімдері егілген. Жалпы өткен жылы шаруалардың тынымсыз еңбегінінің арқасында аудан бойынша 458 359 тонна өнім өндірілді. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ ПЕН ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫН ЖАЛҒАЙТЫН ЖОЛ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

azatmedia

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia