Қоғам

ӘДІЛ ҚОҒАМ ОРНАТУДЫ ӘР АДАМ ӨЗІНЕН БАСТАУЫ КЕРЕК

Мемлекет басшысының Жолдауын халық қашанда асыға күтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған былтырғы, дәлірек айтсақ, 16 наурыз күнгі Жолдауын елеңдеп күткеніміз рас. Өйткені, соңғы жылдарда, әсіресе, қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін жұртты алаңдатқан, көпшіліктің көңілінде жүрген сауалдарға осы Жолдаудан жауап күттік.

Расында біз Жолдаудан көп сұраққа жауап алдық. Президент ең алдымен бүкіл саланы шырмаған тамыр-таныстықты түбірімен жойып, адал әрі әділ қоғам орнату екенін атап өтті. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси трансформацияның басты мақсаты да сол еді. Осы жолда адалдық пен әділдікті әр адам өзінен бастауы керектігін де ұмытпаған жөн. Президент өзі «Amanat» партиясының төрағалығынан бас тарта отырып, барлық партиялардың дамуына мүмкіндік туғызатынын жеткізді. Бұған кешегі өткен сайлауда көз жеткізгендей болдық. Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылу да көңілімізге қуаныш ұялатты. Бұл- тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп қана қоймай, ертеңгі күні сол өңірлердің дамуына серпін беретін, ондағы халықтың алдағы күнге жарқын үмітпен, сеніммен қарауына жол ашатын шешім.

Қазір айналаға көз тігіп, әлемдегі жағдайды саралап көрсек, күрделі уақытта өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Осындай күрделі кезеңде батыл шешімдер қабылдаған Президентті қолдап, оның бастамаларын іске асыруға бір кісідей жұмылсақ, болашақ ұрпақ алдындағы борышымызды орындағанымыз болмақ. Созақбай ӘБДІҚҰЛОВ, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері

Қатысты жаңалықтар

КӘСІПОДАҚ МІНБЕРІ: еңбегімен еленген ардақты ұстаз

azatmedia

Көкшелік студенттермен кездесті

azatmedia

Төлебиде «Қоғамдағы татулық пен бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты тақырыпта жиын өтті

azatmedia