Қоғам

Жолдау елге біраз өзгерістер әкелді

Тапсырма орындалуымен құнды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының өткен жылы осы тұста жасаған жолдауында да елдің көңілінен шығатын біраз тапсырмалар бар. Соның ішінде әділ сайлау өткізу туралы да айтылған еді. «Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар үшін императивті мандат енгізе отырып, азаматтарға сайлану мүмкіндігін беретін аралас сайлау жүйесіне көшу: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттардың 30 пайызы – мажоритарлық жүйе бойынша, 70 пайызы – партиялық тізімдер бойынша баруы тиіс» деген болатын. 2022 жылдың 8 маусымында тиісті заң қабылданды. 

Жолдаудағы іргелі өзгерістер мемлекетті орнықты әрі басқаруға икемді етуге бағытталды. Мемлекет басшысы бүкіл құзыреттің бір қолда болуына негізделген басқару жүйесі өз тиімділігін жоғалтқанын баса айтқан еді. Өйткені мұндай жүйе көзқарасы мен ұстанымы әрқилы қоғамды топтастыра да, ұйыстыра да алмайды. Сондықтан ел Президенті Қазақстанды дамытудың саяси моделін өзгертуге кірісті.

Осы мақсатта жаңадан сайланатын, VIII шақырылымдағы Парламенттің рөлі бұрынғыларға қарағанда айтарлықтай күшейтілді. Бұл «еститін мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашты. Мемлекет басшысының бастамасы аясында биыл Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10 депутатқа дейін азайтылды. Мәжілісте Ассамблея атынан сайланатын 9 депутаттық мандат квотасы жойылды. Ең бастысы, енді заң қабылдау құқығы жаңа қалыптасатын Мәжіліске ғана тиесілі болмақ. Ал Сенат қабылданған заңдарды мақұлдайды. Мақұлдамаса, вето қою құқығы жоқ: Мәжіліс оның наразылығын еңсере алады. Жоғарғы палата әр өңірдің мүддесін қорғайтын палатаға айналады.

Бұрынғыдай ел тізгінін ұстаған тұлғаның айналасындағы ат төбеліндей азғантай топтың шалқып өмір сүруіне жол бермеу үшін Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынады. Мұның өзін әділетті қоғам орнатудың алғышарты болып саналады. Міне осылайша Мемлекет басшысының өткен жылғы жолдауы елге біраз өзгерістер ала келді. Әрі қарай да бұл бастамалар жалғасын таба береді деген сенім бар. Базарбай ТІЛЕУМБЕТОВ, Шардара ауданының Құрметі азаматы

Қатысты жаңалықтар

Масылдық көзқарас қайдан шықты?

azatmedia

Төлебиде «Қоғамдағы татулық пен бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты тақырыпта жиын өтті

azatmedia

МАСЫЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯДАН АРЫЛУ ҚАЖЕТ

azatmedia