Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА КАНАЛДАРДЫ БЕТОНМЕН ҚАПТАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын.

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай және облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Серманизов бастаған топ ПУИД-2 бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан каналдарды бетонмен қаптау жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Бақылау барысында аудандағы Алатау батыр ауылдық округіне қарасты №685 ағын су бекетін қарап шығып, мердігер мекеме «Тахал» және «Мелиоратор» өкілдерімен кездесті.

Сонымен қатар, 4ПР-2 каналының бойындағы құрылыс жұмыстарында орын алған кемшіліктерді қарап, шаруалар мен мердігерлерге жоспарлы түрде жұмыс атқару керектігі айтылды. Себебі, Алатау батыр және Қызылқұм ауылдарындағы каналдарды бетондау жұмыстары ондағы диқандардың суармалы жерін суландыру мақсатында жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, жұмысшы топ 140 адамды жұмыспен қамтып отырған Алатау батыр ауылындағы «Шебер» тігін цехының жұмысымен танысып, мемлекет тарапынан қажетті қолдаулар бойынша ықпал жасайтындықтарын жеткізді. Еске сала кетсек, ауданда өткен жылы 20,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Сондай-ақ, жалпы құны 412,1 млн. теңгені құрайтын 5 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, инфрақұрылыммен қамту бойынша ауданда 25 елдімекеннің 18-і ауыз сумен қамтылған. Ал көгілдір отынмен 24 елдімекеннің 9-ы қамтылған. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 38,2 шақырымды құрайтын 51 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағаттанарлық жағдайға жолдардың үлесін 87%-ға жеткізу жоспарланған.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗАҚ ДАСТАРХАНЫ – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

azatmedia

СЫНТАСТАҒЫ СЫНДАРЛЫ ЖҮЗДЕСУ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА 35,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

azatmedia