«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сауран аудандық мәслихатының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Байсбаев Сержан Ермекбайұлы Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округінде ауыл тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы төрағасы С.Асылбеков, Сауран аудандық мәслихатының депутаты А.Азимов, ауыл әкімі С.Уразбеков және ауыл тұрғындары қатысты.
Қабылдауға келген ауыл тұрғыны А.Каххаров жер мәселесін көтеріп келді. Ол жеке кәсіпкер Х.Азимовтың атындағы ауылшаруышылық мақсатындағы 6 га жерді мемлекет меншігіне қайтарып, ауылға ортақ стадион, мешіт салуға берілсе деген өз ұсынысын жеткізді.Ф.Ирисметов ауылдағы өзекті болған карьер мәселесін көтерді. Ауыл тұрғынының айтуынша ауылдың шетіне дейін карьер қазылып жатыр. Заңсыз карьерлерді тоқтатуды қолға алуды сұрады.
Қабылдауда болған Төреханов Мамыр ауылда балалар алаңшасы жоқ екендігін айтып, елді мекен ішіндегі өзге азаматтарға белгісіз себеппен берілген 43 соттық мемлекет меншігіне қайтарып, спорт алаңшасын салу керектігін айтып, ұсынысын білдірді. Сондай-ақ, Жамалов көшесін жарықтандыру мәселесін қозғады. Халық қалаулысы бұл мәселе бойынша Жамалов көшесінің 4 км екендігін айтып, оның 1,5 км жарықтандырылып, қалғанына бюджеттік өтінім берілгендігін жеткізді.Ауыл тұрғыны Х.Азимов ауылға тиесілі ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ағын сумен қамту мақсатында Қарашық су тоғанын салу мәселесін көтерді.
Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түрген, Сауран аудандық мәслихатының төрағасы С. Байсбаев кездесуде көтерілген мәселелерді оңтайлы шешілуі үшін тиісті мекемелермен бірлесе отырып, заң аясында жұмыс атқаратындығын жеткізді.
«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сауран аудандық мәслихатының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Байсбаев Сержан Ермекбайұлы Майдантал ауылдық округінде ауыл тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық мәслихат депутаты А.Раматуллаев, ауыл әкімі Ж.Досболов және ауыл тұрғындары қатысты.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғыны Ә.Килыбаев көшелерге камера орнату керектігін және жайлы мектеп салу бойынша ұсынысын білдірді.Қаражон елді мекенінің тұрғыны Д.Курманов ауылдағы тоғаннан шыққан 7 км латокты күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек және ауыл орталығынан Воркоунт ойын алаңшасын салуды жоспарға енгізуді сұрады.
Халықтың мұң-мұқтажын тыңдаған мәслихат төрағасы С.Байсбаев ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелерге жеке-жеке тоқталып өтті. Ә.Килыбаевтың көтерген жайлы мектеп салу мәселесі бойынша 2025 жылдың бюджет жоспарына енгізілгенін айтты. Жоғарыда көтерілген мәселелерге заң аясында жауап беріп, орындалуын өз бақылауына алатындығын жеткізді.