Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында, ҚР Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.
Кентау қаласында 66 аялдама бар. Оның 37-сі айналы аялдама болса, 4-еуі ағашты жән темірлі болып әзірленген. 15 дана темірлі аялдама, 1 дана бетонды, 6 дана шлакоблокты-темірлі, 3 дана шлакоблокты аялдама бар еді.
Қаладағы айналы аялдамалардың басым көпшілігі түрлі жағдайларға байланысты бұзылып, айналары жарамсыз күйге түскен. Бұл жағдайды қайта қалпына келтіру барысында мекеме тарапынан сметалық құжаттама даярланып, бюджеттік өтінім беріліп, мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы конкурс жарияланды. Биыл 37 аялдама жаңартылады. Сонымен қоса, Кентау қаласындағы қоқыс полигоны толықтай қоршауға алынады. Қала ішіндегі 75-тей бөлікте орналасқан қоқыс жәшіктерінің алаңшасын заманауи қалыптармен қоршауға алу жұмыстары атқарылмақ.