Елімізде болып жатқан саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласпақ. Президентіміз өз Жолдауында экономикалық дамудың нақты бес бағдарын айқындап, дамудың даңғыл жолын көрсетті.
Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, стратегиялық инвестиция, Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, Заң мен тәртіп – Жаңа Қазақстанның бес тұғырына айналмақ.
Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығына 1-10 мамыр аралығында 4358 өтініш келіп түсті. Оның 3904-не мезгілінде жауап беріліп оң шешілген, , деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.
Қаралған мәселелердің басым бөлігі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы, оның ішінде электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен қамту, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру, кәріз құдықшалары мен қоқыс қалдықтарын тазарту, ветеринарлық қызметтер көрсету, жол салуға байланысты. Мереке күндері де орталықтың операторлары үздіксіз тұрғындардың арыз-шағымдарын тіркеп, жауаптар жолдап отырды.
Тұрғындардың мәселелерді жедел жеткізуі мен кері байланысты оңтайландыру бойынша өтініш беру көздерінің аясы кеңейген. Атап айтқанда, азаматтар 109 қысқа нөміріне қоңырау шалу, «Aikey» мобильді қосымшасы, Telegram-да чат бот, Whatsapp желісі, Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы өтініштерін жолдай алады. Қоңырау категориясы консультация беру, оқиғаға байланысты арыз-шағым, шағым, алғыс және ұсыныс негізінде 5 түрмен жүргізіледі. Айта кетейік, Түркістан облыстық Бірыңғай байланыс орталығы – «Ашық әкімдік» және «Халықтық әкімдік» тұжырымдамаларына сәйкес жергілікті билік пен халық арасындағы үздіксіз байланысты нығайту бойынша жұмыс жүргізетін алаң. Байланыс орталықта тәулік бойы тұрғындардың арыз-шағымы қабылданады.