Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Алдағы уақытта Арыста мектеп тапшылығы толығымен шешімін таппақ. Арыс қаласында демографиялық өсімді ескере келе, жаңа мектептер салу қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қосмамбетов Ержан Төлебекұлы Арыс қаласына іс-сапармен келді. Сапар аясында құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралады.

Нысандардың құрылысын бақылау жұмыстарына «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, қалалық мәслихат депутаты Алмас Шүкірбеков және филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Еркін Сарбасов қатысты.

Ержан Қосмамбетов алдымен «Отырар» тұрғын ауданында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан білім беру нысанының құрылыс жұмыстарын бақылады.

Заманауи білім ордасының сыйымдылығы 600 орынға лайықталған. Үш қабаттан тұратын мектеп ең заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен жабдықталады. Бастауыш және орта сыныптарда жеке асханалары, жуынатын бөлмелері де қамтылады.

Құрылысы өткен жылы басталған мектеп күз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Халық қалаулысы мердігерлерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Е.Қосмамбетов «Барыс» шағын ауданында жеке инвестор есебінен салынып жатқан тұрғын үйдің жұмысымен танысу үшін, құрылыс алаңына барды. Үйлердің заманауи дизайнда, тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болуына аса мән берілуін атап өтті.

Бүгінде мұнда 60 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Лидер-НС Строй» ЖШС салып жатқан бұл тұрғын үйдің алаңы 3348 ш.м. шаршы метрді құрайды. 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Осы күні «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының мәжіліс залында Түркістан облыстық мәлихат депутаты, мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Қосмамбетов Ержан Төлебекұлы қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық, қалалық мәслихат депутаты Алмас Шүкірбеков және жауапты мекеме басшылары мен мамандары қатысты.

Облыстық мәслихат депутатының қабылдауында болған тұрғындар балалар ойын алаңшасын салу, жолдарды ретке келтіру, жаяу жүргіншілер жолын салу, күл-қоқыс тастайтын жәшіктер қою, жұмыспен қамту, жер және тағы да басқа мәселелер көтерілді.

Әрбір өтініштің оң шешілу жолын басты назарға алған облыстық мәслихат депутаты Е.Қосмамбетов жергілікті мекеме өкілдерімен өтініштер бойынша бірлесе жұмыс жасау қажеттігін жеткізді.

Қабылдауда көтерілген ұсыныс-пікірлер және арыз-шағымдар халық қалаулылары мен партия назарында болатындығын айта келе алдағы уақытта да қабылдаулар өз жалғасын табатындығын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

АКИМ ШЫМКЕНТА СДЕЛАЛ СВОЙ ВЫБОР НА ВЫБОРАХ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

azatmedia

ҚАРЫЗЫ ЖОҚ ҚОҒАМДА ТАБЫСЫ МОЛ ОТБАСЫ КӨП БОЛМАҚ

azatmedia